ӘДІЛЕТ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЕКІ ЕСЕГЕ КӨБЕЙГЕН
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның БҚО департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын белсендіруде.
Бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар негізінен кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту арқылы салдарымен күресуге бағытталған болса, қазір мемлекет пен қоғамның күшін біріктіру арқылы алдын алуға басымдық берілуде. Алдын алу шараларының бірі – құқық бұзушылық тәуекелін тудыратын жағдайлар мен себептерді жою және оның еңбек ұжымында қаралуын ұсынуды мемлекеттік мекеме-ұйымдарға енгізу. Осы орайда, яғни аяқталған істер бойынша ұсынымдарды қарау аясында 29 наурыз күні БҚО Әділет департаменті қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Шарада Әділет органы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты мәселелер қозғалды. Сондай-ақ ҚР Әділет министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің сыбайлас жемқорлықпен күресі туралы мәлімет берілді.
Әділет министрлігі – мемлекеттің барлық құқықтық аспектілері тәуелді болатын маңызды мемлекеттік орган. Министрлік пен оның аумақтық бөлімшелерінде нотариат, адвокаттық, сот актілерін орындау, бағалау қызметі секілді маңызды салаларды лицензиялауға байланысты айтарлықтай өкілеттілік бар. Әділет органы қызметкерлері халықтың құқықтық мәдениетін көтеру бағытында алдыңғы сапта тұрады десек артық айтқандық емес. Дегенмен, өткен жылы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде осы саладағы 25 лауазымды тұлғаға қатысты 45 сыбайлас жемқорлық кылмысы тіркелген. Бүгінде олардың тоғызы сотталған. Саладағы қозғалған қылмыстық істер санының артуы алаңдаушылық тудырады. БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро департаменті тергеу басқармасының басшысы А.Абакаровтың айтуынша, 2017 жылы бұл салада 21 қылмыс орын алған. 2018 жылы бұл көрсеткіш екі есеге артып отыр. Қылмыстардың басым көбі Қостанай облысында. Бұл өңірде Әділет саласы бойынша 22 сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелген. Одан кейін Атырау мен Түркістан облыстарында 7 фактіден орын алған. Батыс Қазақстанда 1 сыбайлас жемқорлық фактісі анықталды.

– Саладағы жемқорлық қылмыстарының басым бөлігін сот орындаушылары мен орта деңгейдегі басшылар жасаған. Құрылымдық бөлімшелердің бірінші басшылары да жемқорлыққа жол бергені анықталды. Тәжірибе көрсеткендей, пара алу, сеніп берілген мүлікті жою, лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалану сынды қылмыстар жиі тіркеледі. Мәселен, былтыр БҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары Кұсдәулетовтың кылмысы әшкереленген еді. Ол өз өкілеттілігін асыра пайдаланып, 2017 жылдың мамырынан 2018 жылдың қыркүйегіне дейін қызметкерлеріне түсірілген сыйақыларынан ақша жинап отырған. Жалы 3.5 млн.теңге жинағаны есептелді. Сот шешімімен Құсдәулетов 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан әрі қызметкерлерге сыйақы бөлу және беруде заң бұзушылық орын алмауын, қылмыстың жасалуын туындататын жағдайды жою жұмыстары бойынша басшылық тарапынан бақылау күшейтілуі керек. Сонымен қатар қандайда шығындар үшін қызметкерлерден ақша жинау тыйылуы тиіс. Бақылаудан бөлек сыбайлас жемқорлық мүмкіндігін туындататын жағдайларды жою маңызды. Бұл бірінші кезекте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сапалы ішкі талдау жүргізу, – деді Ахмет Абакаров.
Шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қатысушыларды адалдыққа, азаматтар мен мемлекет үшін қызмет етуге үндеп, ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға шақырды.
БҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары Б.Агилманова сыбайлас жемқорлық мүмкіндігін тудыратын жағдайларды жою мақсатындағы шаралар кешенімен таныстырды.
Соңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру
Пікір үстеу