8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Сәуір 2019 1632 0
Қалалықтар қаперіне

Депутат өнер мен спортта жетістікке жеткендерді кешенді тестілеуден босатуды сұрады

ҚР Парламент Сенатының депутаты Мұхтар Бақтиярұлы ҚР вице-премьері Гүлшара Әбдіқалықоваға жолдаған сауалында колледж түлектерін өнер мен спорт саласындағы жеткен табыстарына сәйкес кешенді тестілеуден босатуды сұрады.

Ол депутаттық сауал жолдауға еліміздегі өнер және спорт саласындағы колледждерде оқып жүріп, халықаралық деңгейде жоғары жетістікке жеткен түлектер жоғары оқу орындарына түсу барысында кешенді тестілеуден төмен баға алып, мемлекеттік сұраныс бойынша берілген орындарға өте алмаулары негіз болып отырғанын айтты.

«Қазақстанның халықаралық беделіне үлкен үлес қосып келе жатқан сала – өнер мен спорт саласы. Бұл екі сала мамандарын дайындаудың өзіндік ерешеліктері бар. Себебі екі салаға да мамандар дайындау мектептен басталады. Өнер және спорт саласындағы арнайы мектептерде 4-сыныптан дайындық басталып, олар кейін өз білімдерін орта арнайы оқу орындары – колледждерде, сонан соң жоғары оқу орындарында жалғастырады», – деп айтты Мұхтар Бақтиярұлы.

Паралмент Сенатының депутаты Қазақстандағы өнер және спорт саласындағы үздіксіз білім беру жүйесінің қалыптасуының нәтижесінде біліктілігі жоғары мамандар әртүрлі халықаралық байқаулар мен жарыстарда, олимпиадаларда елдің намысын қорғап, жоғары жетістіктерге жетіп жүргенін атап өтті.

Оның айтуынша, елдегі өнер саласындағы 7 колледжде жыл сайын 600-ден астам түлек бітірсе, ал спорт саласында маман дайындайтын 5 арнайы колледжде 200-ге жуық түлек бітіреді. Жыл сайын түлектердің 70%-ы жоғары оқу орындарына құжат тапсырады.

«Алайда соңғы жылдары колледж түлектерінің жоғары білім алуына белгілі бір кедергілер туындап отыр. Өнер және спорт саласындағы колледждерде оқып жүріп, халықаралық деңгейде жоғары жетістікке жеткен түлектер жоғары оқу орындарына түсу барысында кешенді тестілеуден төмен баға алып, мемлекеттік сұраныс бойынша берілген орындарға өте алмай қалады», – деді Сенат депутаты.

Мұхтар Бақтиярұлының айтуынша, 2018 жылы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына бөлінген 450 грантқа 2353 өтініш берілген. Өтініш бергендердің ішінде 1222 спортшы болып, байқау қорытындысы бойынша олардың тек 107-сі ғана білім грантын алған. Нәтижесінде жүздеген спортшы, әртүрлі жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері, халықаралық дәрежедегі 11 спорт шебері, 50 спорт шебері және 300-ден астам спорт шеберіне үміткер мемлекеттік гранттан тыс қалған. Олардың қатарында Қазақстанның алдыңғы қатарлы спортшылары – фристайлдан Еуропа чемпионы Аяулым Амренова, дзюдодан Әлем чемпионы Айболат Ыстыбай, каратэден Әлем чемпионатының қола жүлдегері Иоанна Белых, қол күрестен Динара Нәрік, каратэден Азия чемпионы Гүлдана Оспанова және басқа да көптеген спортшы бар.

«Құрметті Гүлшара Наушақызы, жоғарыда аталғандарды негізге ала отырып, арнайы колледждердің түлектерін өнер мен спорт саласындағы жеткен табыстарына сәйкес кешенді тестілеуден босатудың тетіктерін  қарастыруыңызды сұраймыз», – деп сөзін түйіндеді ол.

 

https://baq.kz/news/othernews/deputat-%D0%BEner-men-sport/

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»