ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР «NUR OTAN» НАЗАРЫНДА
23 қыркүйекте «Nur Otan» партиясы БҚОФ жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. On-line ZOOM форматында өткен отырысқа Қоғамдық кеңестің мүшелері, облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, денсаулық сақтау басқармасының, облыстың медициналық ұйымдарының өкілдері қатысты.
Облыс мүгедектеріне оңалту көмегін көрсету бойынша жағдайы, облыс бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын орындау бойынша Жол картасын іске асыру барысы, денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштері бойынша облыс халқының денсаулық жағдайы туралы мәселелер қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша мүгедектерді оңалту мәселелеріндегі проблемаларды анықтау жөніндегі жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды, партияның сайлауалды бағдарламасының жол картасын іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау объектілері құрылысының іске асырылу барысы партиялық бақылауға алынатын болады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу