8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Ақпан 2019 2020 0
Қоғам

«ДЕМЕУШІЛІК, ШАРАПАТ – АЛАР ЕЛДІҢ АЛҒЫСЫН»

    Ел болып етегіміз жиғалы бері де жан жылуына зәру қандастарымыз бен қарлығаштарымызға Мемлекет басшысынан бастап барша азаматтар демеушілік жасауда. Түрлі акциялар ұйымдастырылып оң нәтижелер көрсетуде. Соның бір көрінісі ретінде Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатымен 10 қаңтарынан бастап республика көлемінде «Қамқорлық» акциясы өткізілуде.

Акция аясында оқумен қамтылмаған балаларды анықтауда аз қамтылған және көп балалы отбасы, жетім, жартылай жетім балаларға қолдау көрсетуге, әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке келмей қалуының алдын алуға байланысты біршама жұмыстар атқарылды. Мектеп жасындағы барлық балаларды орта біліммен қамту проблемаларына жұртшылықтың және халықтың назарын аударып, міндетті орта білім алуға барлық азаматтардың құқығын қамтамасыз ету жөнінде ақпараттық және түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Оқу жылы басталғалы Ж.Молдағалиев атындағы №2 ЖОББ мектебінде «Қамқорлық» акциясы екінші рет ұйымдастырылып отыр. Әрдайым көмек қолын созудан қашпайтын, акцияның жандануына №14 округі бойынша қалалық мәслихаттың депутаты Тұрарбек Тлемісов игілікті іс жасап, үлкен адамгершіліктің белгісін көрсетіп келеді. 10 аз қамтылған отбасыға 48 000 теңге көлемінде тамақ қорымен көмектесті. Мейірімі жүрекке толы жандар тағы да 10 аз қамтылған отбасыға тұрмысқа қажетті химиялық заттар алып берді.

Мектебіміздің ата-аналары да бұл акциядан тыс қалмай, демеушіліктері ретінде 1 отбасыға 1 айға жететіндей тамақ қорымен және 4 оқушыға сабаққа қажетті кеңсе тауарлары мен киім-кешекпен көмектесті.

Қайырымдылық жасау тек киім-кешек немесе зат алып беру ғана шектелмейтіні белгілі. Сондықтан мектебіміздің әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларына екінші жыл қатарынан «Қамқорлық» акциясына белсене қатысып отырған демеушілерміздің бірі «Мастерская красоты» сұлулық салонының шебері Татьяна Руденко 15 ұл мен 2 қыздың шаштарын тегін қиып шарапатын тигізді. Сонымен қатар мектебіміздің түлегі Нұржан Жылқышбаев бастауыш сыныптарынан 7 аз қамтылған отбасы  балаларының шаштарын соңғы үлгіге сай  қидыртуына демеушілік көрсетті.

Бұдан бөлек мектебіміздің 9-сынып оқушылары еңбек және соғыс ардагерлерінің үйіне барып, аулаларын қардан тазалауға қол ұшын берді. Әжелердің алғысын алды.

«Демеушілік шарапат, алар елдің алғысын» демекші, тұрақты демеушілеріміз  де қайырымды қамқоршы ісінен таймай, ел батасын ала берсін демекпіз. Бір-бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейірімділігіміз сарқылмасын!

А.Елеуова,

Ж.Молдағалиев атындағы  №2 ЖОББМ әлеуметтік педагогы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»