8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қараша 2018 2260 0
Қоғам

ДАУ МҰРАТЫ – БІТІМ

                Бүгін Орал қаласы әкімдігінде қала әкімі М.Мұқаевтың төрағалығымен медиация мәселелеріне арналған басқосу өтті. Оған  кәсіби, кәсіби емес медиаторлар, үкіметтік емес ұйым өкілдері және қалалық бөлім басшылары қатысты. жиында Орал қаласы әкімдігі мен №2 қалалық сот ынтымақтасты туралы меморандумға қол қойды.

Қалалық соттағы татуластыру кабинетінің татуластырушы судьясы Шынар Шайдиеваның мәліметінше, республика бойынша 2016 жылы соттарда 2 млн. іс қаралған, 2017 жылы ол 3 млн.-ға жетіпті. Яғни әр бесінші қазақстандық дауласып жүргенін байқаймыз. Орал қаласы сотына биыл 8 мыңнан аса талап арыз түскен. Олардың басым көбі отбасылық даулар, неке мәселесі. Бір жанұяда кемінде екі баладан болса, демек төрт адамның тағдыры сотта қаралады деген сөз. Тұрғын үй-кммуналдық шаруашылық саласында, мектептерде, мекеме-ұйымдарда шиеленісті жағдайлар жоқ емес. Халықтың санасында кикілжің сотта ғана шешіледі деген түсінік қалыптасқан. Татуласу жобасы – осы түсінікті өзгертіп, сотта қаралатын істерді азайтуға бағытталады. Дауды баламалы әдіспен шешу екі тарапқа да қолайлы. Сондықтан халық арасында медиация түсінігін қалыптастыру маңызды.

БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясындағы медиация кабинетінің меңгерушісі Алуа Рахишева медиация кабинетінің жұмысы туралы мәлімет берді. Ашылғанына үш жылға жуықтаған кабинет арқылы медиативтік келісіммен аяқталған істер аз жетерлік. Биылдың өзінде 97 медиациялық бітім жасалған. Ассамблея жанындағы медиаторлық кабинетте бүгінде облыс бойынша 44 кәсіби, 129 кәсіби емес медитор бар. Олардың көмегімен жалпы 1600 іс медиациялық рәсіммен шешілген. 2,5 жыл ішінде медиация кабинеті «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, ІІД, кәсіпкерлік палатасы және облыс аумағындағы соттармен барлығы іскерлік байлнаныс туралы 9 меморандум жасаған.

«Татулас» кәсіби медиаторлар мекемесінің медаиторы, адвокат Мавлина Хабиева халықтың медиаторларға жолығуы үшін кедергісіз орындар қарастыруды және медиаторларды халық арасында танытуға бағытталған ақпараттық жұмыстар қажеттігін алға тартты.

Мұрат Рахметұлы жиында айтылған ұсыныстарға орай насихат жұмыстарын күшейту жөнінде тапсырма берді.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»