8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Тамыз 2018 2214 0
Қалалықтар қаперіне

«Дайындықты ыждағаттау керек»

Қаладағы 35 денсаулық сақтау нысанының 28-і жылыту маусымына дайын. 49 білім беру ұйымының 46-сы, 44 балабақшаның 42-сі бойынша дайындық шаралары жүргізілген. Бұл туралы қалалық әкімдікте 2018-2019 жылға жылыту маусымына дайындық барысы туралы өткен жиында мәлімделді. Қала әкімі Мұрат Мұқаев қыркүйек айында мектепке дейінгі ұйымдар жылу беруге 100 пайыз дайын болуы керектігін ескертті.

Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Миржан Нұртазиевтің мәліметінше, шаһарда 1 222 көп қабатты үй бар. Бүгінде 623 үйдің беріктік қысымы тексеріліп, тазартылған. 105 ПИК-тің 40 пайызы дайын, көпшілігі дайындықты әлі бастамаған. Бөлім мамандары қысқы маусымға дайындықты қамтамасыз ету мақсатында ПИК-терге енбейтін үйлердің тұрғындарымен жиындар өткізуде.

– Әсіресе,  Громова көшесі 2/1, 2-ші километр, 24/1, пр. Еуразия даңғылы 88/1, Құрманғазы көшесі 111, Луговая, 47/1, Покатилов көшесі 69/1 сынды ортақ мүлікті пайдалану және қамтамасыз ету жұмыстарын тиісінше атқармайтын, салдарынан уақытылы жылуға қосылмайтын үйлерге басымдық берілуде, – деді Миржан Жанғазыұлы.

Қалада ПИК-тер құрамына кірмейтін үйлер саны – 129. Олардың 89-ында түсіндіру жиындары жүргізілген. Бұл үйлер бойынша үйдің үлкендерімен бірге дайындық пысықталуда. Мұрат Рахметұлы қалған үйлердің тұрғындарымен осы айдың соңына дейін тиісті жұмыстар жүргізуді және дайындық шараларын ұйымдастыру қажеттігін тапсырды.

– Жыл сайын мәселе туындап отырған мекенжайлардағы жеті үйдің төртеуі бойынша жыл басында берілген тапсырмалар орындалды, енді қалған үшеуі бойынша дайындықты ыждағаттау керек. Бұған 7-10 күн уақыт беремін. Бұл үйлердегі тұрғындар жыл өткен сайын мәселелерін коммуналдық қызметтердің мойнына асып қоюға дағдыланған. Бірақ, әркім жауапкершілікті сезінуі тиіс. Мемлекеттің мойнында отыра беруге болмайтынын түсіндіру қажет. Өткен жылы ауа райының салқындауына байланысты қыркүйек айының соңында балабақшалар жылуға қосылды. Биыл да уақытынан бұрын дайын болуы керек, – деді Мұрат Рахметұлы.

Бүгінде «Жайық жылу қуат» АҚ жылыту маусымына дайындығы – 75 пайыз. Жөндеу жұмыстарының 77 пайызы аяқталған. Жылу таратушы компания басшысы Мұрат Байменов қыркүйек айының соңына дейін барлық жөндеу жұмыстары аяқталатынын айтты. Өткен жылы тұрғындар тарапынан шағым көп түскен аумақтар бойынша ПИК-термен жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ Мұрат Болатұлы жылу мен ыстық суға қарыздары бар тұрғындардан қарызды өндіру бойынша жұмыстардың жүргізіліп жатқанын, өткен жылы 3 мыңнан аса, биыл 2 мыңдай борышкерге қатысты талап-арыз берілгенінін мәлімдеді.

– Сот  орындаушыларымен тиісті жұмыстар жүргізілуде. 798 бірлік жылжымайтын мүлікке және 281 азаматтың ел аумағынан шығуына тыйым салынды. «Ураган» жүйесі арқылы жергілікті полиция қызметімен бірге 150 автокөлік айып тұрағына қойылды. Бұл жүйе нәтижелі. Қарыздарын өтеп, көліктерін алып кетіп жатқандары бар, – деді жылу таратушы компания басшысы.

Жиын соңында қала басшысы Мұрат Мұқаев әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындықтарын және әзірлік паспорттарын 25 қыркүйекке дейін аяқтауды, тұрғындардың берешектерін азайту бойынша жол картасын дайындауды тапсырды.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
352 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
440 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
496 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
508 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
558 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
777 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
808 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
759 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
711 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
755 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
937 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»