8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қыркүйек 2021 2645 0
Қоғам

ДӘУІРДІҢ ДАРА ҰСТАЗЫ

М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер бойынша проректоры Түймеш Дәрішева мерейлі 60 жасқа толды. 30 жылдан астам еңбек өтілі бар, оның ішінде  ширек ғасырға жуық уақыт бойы  студент жастардың тұрақты тәрбиешісіне  айналған Түймеш Малбағарқызын облыс әкімі Ғали Есқалиев қабылдады. Ұстаздың мерейтойына орай Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында салтанатты шара ұйымдастырылып, университет ректоры Н.Серғалиев, әр жылдардағы университет түлектері ықылас-лебіздерін жеткізді. 

 

28 қыркүйек – Түймеш Дәрішеваның туған күні. Айтулы күн қарсаңында Батыс Қазақстан облысының әкімі Түймеш Малбағарқызын арнайы  қабылдады. Облыс басшысы  мерейтой иесін құттықтап, Құрмет грамотасымен марапаттады және мерейтой иесіне өңір жұртшылығы атынан жоғары білікті мамандарды даярлауға және өз кәсібіне адал қызмет етуге көп жылғы жемісті үлесі үшін алғыс айтты.

Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында ұйымдастырылған «Дәуірдің дара ұстазы» атты мерейлі шарада өңірдің игі жақсылары мен оқу орындарының басшылары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, достары мен шәкірттері мерейтой иесіне өздерінің ыстық ықыластары мен мерекелік ізгі тілектерін жеткізді.

Түймеш Малбағарқызының 36 жылдық еңбек өтілі өзі бітірген университетпен байланысты. Орыс тілін оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы, содан кейін мамандық бойынша кандидаттық диссертация қорғады, филология факультеті деканының орынбасары, проректор – бұл кәсіби өсу кезеңдері. 23 жыл бойы Түймеш Малбағарқызы – студент жастардың тұрақты тәрбиешісі. Оның риясыз, мақсатқа ұмтылған еңбегі Білім және ғылым министрлігінің наградаларымен, көптеген Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен атап өтілді.

Түймеш Малбағарқызының басты мақтанышы – оның шәкірттері мен тәрбиеленушілері. Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде жүрген түлектер ұстаздарына жылы лебіздері мен құттықтауларын жолдап, бір қатары салтанатты шараның сахнасынан ұстаздарына арнауларын айтып, гүл шоқтарын ұсынды.

«Жайық үні» ЖШС редакця ұжымы атынан Түймеш Малбағарқызын мерейлі жасымен құттықтаймыз.

Деніне саулық, отбасына амандық, ашық аспан, ұзақ ғұмыр тілейміз!

Жасай беріңіз, Түймеш апай! 🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»