8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қараша 2019 2333 0
Дені сау ұлт

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 30 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ

2020 жылы дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға өседі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

Министрдің айтуынша, 2020 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Осыған орай, жүйенің дайындық деңгейін тексеру мақсатында 1 қыркүйектен бастап Қарағанды облысында медициналық сақтандыру пилоттық түрде іске қосылды. Оның негізгі мақсаты – медициналық қызметті алушылардың «сақтандырылу» статусын сәйкестендіру, тегін медициналық көмектің көлеміндегі және медициналық сақтандыру жүйесіндегі қызметтерді жеке-жеке есепке алу, 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру жүйесін толығымен енгізу мақсатында дайындық жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жобаны іске асыру үшін бюджеттен қосымша 2,3 млрд теңге, оның ішінде профилактикалық қарап-тексеру мен консультациялық-диагностикалық қызметтердің қолжетімділігін жоғарылатуға 1,7 млрд. теңге, медициналық оңалтуды кеңейтуге 600 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді.

«Пилоттың оперативтік деректері бойынша екі айдың ішінде өңірде қымбат тұратын компьютерлік томография және магниттік-резонансты томография қызметтерінің саны – 178, медициналық оңалту қызметтері – 73 және консультациялық-диагностикалық көмек қызметтері 42 пайызға ұлғайды», – деді ол.

Оның дерегінше, халық қажеттілігінің негізінде оңалтуды қоса алғанда, медициналық көмектің басым түрлерін қаржыландыру келесі жылы 7 есеге және 2025 жылға қарай 11 есеге дейін өседі. Тарифтердің өсуі медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыруға мүмкіндік береді. Келесі жылы дәрігерлердің еңбекақысы 30 және орта медицина персоналының еңбекақысы 20 пайызға ұлғаяды.

Дереккөз: inform.kz 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»