8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қараша 2019 2080 0
Қалалықтар қаперіне

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖИТС-КЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІНЕ ОРАЙ КАМПАНИЯ БАСТАУ АЛДЫ

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай 5 қарашадан бастап «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» тақырыбымен бір айлық кампания бастау алды. Дүниежүзілік кампания аясында түрлі шаралар жоспарланған. БҚО ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптасытру орталығының ұйымдасытыруымен өткізілген баспасөз конференциясында айлық аясында жоспарланған іс-шаралар таныстырылды. 

Мамандар жыл санап жаңа тіркелгендердің көбейіп жатқанын айтып дабыл қағуда. Республикамызда бүгінде 38 524 жағдай тіркелген. Облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының мәліметінше, өңірде биыл 51 адамның бойынан қауіпті кесел белгісі анықталған. Бұл былтырғыдан 8 жағдайға көп. 1996 жылдан бері бойынша 674 жағдай тіркелген болса, қазір 413 адам диспансерлік есепте тұр.

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылып отырған кампания аясында облысымызда студенттерге арналған лекторий, спорттық шаралар, сауда орталықтарында экспресс-тестілеу акциясы, театрландырылған байқау ұйымдастырылады. Экспресс-тестілеу «Орал-Ақсай» бағытында қатынайтын такси жүргізушілері арасында да өткізілмек.

– Жамбыл көшесіндегі бұрынғы перинаталдық орталықта «Дружественный кабинет» жұмыс жасайды. Онда жастар анонимді түрде тестілеуден өтіп, өз АИТВ-мәртебелерін біле алады. Маусым айынан бастап кабинетке өз еріктерімен 185 адам қабылдауға келді, – деді облыстық ЖИТС орталығы директорының орынбасары Алмагүл Монтақова.

Кампания шеңберінде әлеуметтік желілерде «#вичтуралыайтамын» хэштегімен «Мен неге АИТВ туралы айтамын?» челленджі бастау алғанын атап өту керек. Челленджге қатысушылар АИТВ-ға қатысты мәселелерін, жеке оқиғаларын айтып, 1 минуттық роликпен бөлісе алады.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
817 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»