8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Наурыз 2021 1341 0
Дені сау ұлт

COVID-19: ДДҰ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕКІ ВАКЦИНАНЫ ТІРКЕУГЕ АЛДЫ

Қазақстандық мамандар нанотехнологияға негіздеп жасаған 2 вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеуге алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының Facebook-тегі парақшасында осындай ақпарат жарияланды.

«Серіктестерімізге, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ұжымына және ректорына, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессор Есполов Тілектес Исабайұлына COVID-19 пандемиясымен күреске бағытталған ғылыми зерттеулерді толық қолдағаны үшін алғыс білдіреміз. Осы уақытқа дейін ҚазҰАУ халықаралық вакцинология орталығының директоры Табынов Қайсардың жетекшілігімен біріккен зерттеу тобы орталық референттік зертхана базасында 2020 жылдың маусым және желтоқсан айларында SARS-CoV-2 вирусының 12-ге жуық штамын бөліп шығарды. Жақында ғана бірлескен зерттеу тобының жедел және үйлесімді жұмысының арқасында Қазақстан аумағында тіркелген британдық және оңтүстік африкалық штамдарға тән SARS-CoV-2 вирусының мутациялары салыстырмалы түрде қысқа мерзімде расталды. Қазіргі уақытта аталған вирустарды бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл вирустардың болуы біздің ғалымдарымызға COVID-19-ға қарсы отандық, сондай-ақ шетелдік вакциналық және дәрілік препараттардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді», – жазылған әлеуметтік желіде жарияланған мәліметте.

Орталық мамандары аталған штамдардың бар екенін дер кезінде анықтау мутациялардың көптеп таралуына жол бермеу үшін өте маңызды екенін айтады.

«Бүгінгі таңда екі вакцина алынды.Олар – наноэмульсиялық май адъювантына негізделген субуниттік вакцина және нанобөлшектерге негізделген вакцина. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оларды Naruvax-C19 және NARUVAX-C19/Nano деген атаумен «кандидат вакциналардың» тізіліміне енгізді. Қазіргі таңда бұл екпелер біздің ғылыми орталықта жануарларға сыналып жатыр. Яғни, клиникаға дейінгі SPF-зерттеулерінің соңғы кезеңінен өтуде», – делінген орталықтың ресми ақпаратында.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»