8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Наурыз 2022 1820 0
Қоғам

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТЕХНИКАЛЫҚ БАҒЫТТАРҒА ГРАНТТАР САНЫ 60%-ҒА ДЕЙІН ӨСЕДІ

2022 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша техникалық және IT мамандықтарға гранттар саны 36%-дан 60%-ға дейін өседі. Бұл оқытудың осы бағыттары бойынша үміткерлерді қолдаудың қосымша шараларының бірі.
Сонымен қатар, техникалық дайындық бағыттары бойынша үміткерлер үшін шет тілін меңгеруге арналған IELTS тестінің орташа балы төмендетілді. Енді 5.0 балл жеткілікті және бір жыл тілдік дайындықтан өту мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл шаралар техникалық мамандықтар бойынша оқыту мүмкіндігін кеңейтеді.
«ҚР БҒМ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бағдарламаны қайта бағдарлау процесін бастады. Енді инженерлік-техникалық кадрларды дайындау басымдыққа ие болмақ. Сондай-ақ «Инженерлік-техникалық қызметкерлер» жеңілдетілген санатын енгізу қарастырылып жатыр. «Болашақ» бағдарламасына құжат тапсыру кезінде олар міндетті түрде шетелдік университеттерге өз бетінше түспейді. Олар алдымен тіл курстарынан өтіп, стипендия тағайындалғаннан кейін бағдарлама бойынша оқуға ұсынылған университеттер тізімінен оқу орнын таңдай алады», – деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Әнуар Жанғозин.
Сонымен қатар ауылдық жерлерден келген үміткерлердің де мүмкіндіктерін арттыру жоспарланып отыр. Мысалы, IELTS нәтижесімен ағылшын тілін меңгеру деңгейін 5.0 балға дейін төмендету, ауылдық жерлерде міндетті тұру мерзімі 3 жылдан 2 жылға дейін қысқарту жоспарда бар, оларға тілдік дайындықтан өтуге мүмкіндік беріледі. Одан бөлек, аудандық маңызы бар қала тұрғындарын қосу арқылы ауылдық жерлерден кандидаттардың контингентін кеңейту және олардың санын ұлғайту ұсынылды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»