8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қараша 2023 3172 0
Қоғам

Биыл браконьерлер мемлекетке 13 млрд теңге шығын келтірді


Жыл басынан бері елімізде қоршаған ортаны қорғау саласында 300 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді. Бұл туралы ІІМ ӘПК табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Жармағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

«Осы жылдың 20 қазанынан 19 қарашасына дейін Ішкі істер министрлігі «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді. Оның мақсаты жануарлар дүниесі, балық және орман шаруашылығы объектілерін, жер қойнауын заңсыз өндіру фактілерінің алдын алу және анықтау. Іс-шара басталғаннан бері 61 қылмыстық және 2 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды», – деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Сонымен қатар ІІМ өкілі аңшылардың қару-жараққа салғырт қарау және аң аулау ережелерін бұзу салдарынан жарақат алып қалатын жағдайлар да болып тұратындығына назар аудартты.

«Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға, табиғатқа ұқыпты қарауға, белгіленген аң аулау ережелері мен қаруды қауіпсіз пайдалану ережелерін бұзбауға шақырады», – деді Әлішер Жармағамбетов.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
23 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
136 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
193 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
257 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
289 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
333 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»