8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Тамыз 2023 1219 0
Мезгіл мәселесі

Биыл балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың 252 фактісі тіркелген

Биылғы алты айда балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың 252 фактісі тіркелді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлім етті. Түркістан қаласында «Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтіп жатыр.

Іс-шараның мақсаты – қоғамда әдеп нормасын қалыптастыру, профилактика шарасын егжей-тегжейлі талқылап, азаматтық сектор және жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп жедел әрекет ету. Жиында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтық белсенділер, мемлекеттік органдар және БАҚ өкілдерімен бірлесіп, қоғамда балаларды қорғауға бағытталған мінез-құлықты, әдеп нормаларын және құндылықтар жүйесін қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ еліміздің түкпір-түкпіріндегі отбасын қолдау орталықтарының тиімділігін арттыру маңыздылығына тоқталды.

«Бүгінгі іс-шараны арнайы киелі Түркістан жерінде ұйымдастырудың себебі – осындай ауыр қылмыстың жұрт болып жиылып, шешімін табу, қоғамда әдеп нормасын қалыптастыру, профилактика шарасын егжей-тегжейлі талқылап, азаматтық сектор, жауапты органдармен бірлесіп жедел іс-қимыл жасау. Бүгін арқаны кеңге салсақ, ертең кеш болуы мүмкін. Дабыраға салмай, ешкімді дүрліктірмей, проблеманы ашық мойындап, екшелген шешім, зорлық-зомбылыққа қарсы қоғам мәдениетін нығайтуымыз қажет», – деді Дархан Қыдырәлі.

Министрдің айтуынша, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2022 жылғы мәліметі бойынша, әрбір бесінші әйел мен әр он үшінші ер адам балалық шағында (0-17 жас) жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды.

«Ал Қазақстандағы статистикаға келетін болсақ, 2022 жылы елімізде 16 жасқа толмаған балалармен жыныстық қатынасқа түсу немесе соған мәжбүрлеу, жас балаларды азғындыққа салу фактісі бойынша 383 қылмыстық іс қозғалса, биылғы 6 айда 252 қылмыс тіркелген», – деді ведомство басшысы.

Дереккөз: inform.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»