8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қараша 2020 1014 0
Қоғам

БИЫЛ БҚО-ДАҒЫ 32 АУЫЛ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛАДЫ

БҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде ұзындығы 292,188 шақырым болатын сумен жабдықтаудың 17 объектісін салуға және реконструкциялауға 5,8 млрд.теңге бөлінген.  Жалпы бұл жұмыстар 25 елдімекенде  атқарылуы тиіс. Қазіргі уақытта  17  ауылдық елдімекенде жұмыстар аяқталды. Сумен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО Құрылыс басқарасы басшысының орынбасары Нұркен Молдашев айтып берді. 

 

БҚО-да 428 ауылдық елдімекен бар, оның 52,8 пайызы, яғни 226  елдімекен орталықтандырылған сумен жабдықталған.

– Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде ұзындығы 292,188 км 25 ауылдық елдімекенде сумен жабдықтаудың 17 объектісін салуға және реконструкциялауға республикалық бюджет есебнен – 4,702 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,097 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі күні су құбыры ұзындығы 210,3 км 17 АЕМ-де 11 жоба бойынша жұмыстар аяқталды, жыл соңына дейін су құбыры ұзындығы 81,888 км 8 АЕМ-де сумен жабдықтаудың тағы 6 жобасын пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ  2020 жылы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 5 мыңнан астам халқы бар 7 ауылдық елдімекенді қамтитын 1,8 млрд.теңгеге 7 сумен жабдықтау объектісін реконструкциялау жүргізілуде, – деді Нұркен Еділұлы.

Жыл қорытындысы бойынша 27 мың адамды қамтитын 32 ауылда ұзындығы 372,259 шақырымдық  су құбыры салынып, 24 сумен жабдықтау объектісін пайдалануға беру жоспарлануда.

Оның ішінде  Ақжайық ауданында – 6 ауылда (Кеңсуат, Жамбыл, Бітілеу, Базартөбе, Қызылжар, Қадырқұл), Теректі ауданында – 2 ауылда (Богданов, Приречное), Сырым ауданында – 6 ауылда (Қосарал, Жетікөл, Тоғанас, Аңқаты, Құспанкөл, Тасқұдық), Казталов ауданындағы – 1 ауылда (Қарасу), Бәйтерек ауданында – 5 ауылда (Володарское, Асан, Үлкен шаған, Колесова, Октябрьское), Тасқала ауданында – 3 ауылда (Тасқала, Мереке, Қалмақ), Бөкейорда ауданында – 2 ауылда (Шоңай, Мұратсай), Жәнібек ауданында – 1 ауылда (Тегісшіл), Шыңғырлау ауданында – 3 ауылда (Алмаз, Ақтау, Ардақ), Бөрлі ауданында – 1 ауылда (Ақбұлақ), Жаңақала ауданында – 2 ауылда (Қырқопа, Қызылоба) нысандар іске қосылады. 

2021 жылға республикалық бюджетке сумен жабдықтау және реконструкциялау объектілері бойынша 5,5 млрд. теңгеге 18 жобаны іске асыруға бюджеттік өтінім ұсынылған. 18 жобаны іске асыру кезінде 244 ауылдық елдімекен (57%) немесе 289,3 мың адам (89,8%) орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»