БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Бүгін, 1 сәуірден бастап білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау басталды. Құжат қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады. Бүгін өңірлік коммуникациялр қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО білім басқармасының басшысы А.Мыңбаева бірінші сыныпқа қабылдау ережесі туралы түсіндірді.

– Бірінші сыныпқа алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балалар қабылданады. Ата-аналар өтінішпен қоса баланың туу туралы куәлігі, денсаулық жағдайы туралы № 063/у нысан анықтама және 026/у-3 нысан «Бала денсаулығы паспорты және 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретiн тапсырады, – деді Айгүл Әділгерейқызы.
Туындайтын сұрақтарға жедел жауап беру үшін облыстық білім басқармасының 1301 call-орталығы, 87471127407 телефондары тұрақты жұмыс істейді.
Сонымен қатар барлық аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің call-орталықтары да жұмыс жасауда.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу