8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қазан 2019 1329 0
Қоғам

БІР САҒАТТА ҮШ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

      Кеше кешкі сағат 21.00 мен 22.00 аралығында БҚО-да  үш жол көлік оқиғасы тіркеліп, 3 адам  бақилық болды. Бұл  туралы БҚО ПД-де өткен брифингте сала мамандары мәлімдеді. Жол көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі – жылдамдықты шектен тыс асыру болып отыр.

Нақтырақ тоқталып өтсек,  екі қайғылы  оқиға облыстық маңызы бар тас жолда орын алса, біреуі бас шаһардағы көшелердің бірінде тіркелді. «Орал- Озинки» тас жолы бағытының 18 шақырымында   жолдан шығып, бірнеше рет аударылған Гольф көлігінің 1976 -шы жылғы жүргізушісі  алған жарақаттарының салдарынан ажал құшты. Оның Бәйтерек ауданының тумасы екені анықталды. Сарыөмір бағытындағы жолда Ваз 21/99 көлігінің жүргізушісі трактормен соқтығысып, оқиға орнында көз жұмған.  Айта кету қажет, қос азамат та көлік жүргізу  құқығынан айырылғаны белгілі болды. Ал бас шаһардағы оқиғаны сала мамандары былай мәлімдеді.  –  Оқиға Зашаған кентіндегі Брусиловский көшесі мен  Орал-Озинки тас жолының қиылысында  болды. 23 жасар азамат белгіленбеген жол қиылысынан өтіп бара жатқан 50-55 жастағы азаматты қағып кетті. Ол жедел-жәрдем қызметі келгенге дейін қаза тапты. Ал көлік тізгіндеушінің  үстінен бүгінгі таңда ҚР ҚК 345/3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Кенжебек Қоспаев. Брифингте полицейлер  Орал қаласындағы жиі жол-көлік оқиғасы болатын аудандарды  атап өтті. Мәселен, Жәңгір хан көшесі бойындағы  Жазира және №20 мектеп аудандарындағы жолдар  тұрғындар үшін қауіпті саналады.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
760 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
943 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»