8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Қазан 2021 2585 0
Қоғам

«БІЛІМДІЛЕР ДОДАСЫ» АЛАҢЫНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ БЕЛСЕНДІЛЕРІ

БҚО ішкі саясат басқармасының қолдауымен Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті және «Орал жастарының бастамасымен ұйымдастырылып жүрген «Білімділер додасы» зияткерлік сайысына БАҚ өкілдері, баспасөз қызметкерлері мен әлеуметтік желі қолданушылары қатысты. Айтулы шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы құрметіне орайластырылды.

«Білімділер додасына» бес топ қатысты. Өңірдегі әр үрлі БАҚ-тардың тілшілері «БҚО БАҚ өкілдері», «Тик-ток» әлеуметтік желісінің белсенділері, «Ақжайық» атауымен қатысқан журналистер мен әлеуметтік желі қолданушылары, «ТДК-42» телеарнасының ұжымы және облыстағы бірнеше мекеменің  баспасөз қызметкерлерінің командасы  жиналды.

Доданы журналистерден құралған «БҚО БАҚ өкілдері» командасы бастады.  Көрермендермен қарсы  ойындағы сауалдардан мүдірмеген команда жарыста осы команда бірінші  орынға ие болды. «Астана» телеарнасының меншікті тілшісі Еркін Карин бастаған команда құрамында Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметкері-тілші Гүлзинат Ибрагимқызы, «Жайық үні» газетінің тілшісі Эльмира Нұғманова, «Приуралья» газетінің тілшісі Арайлым Бекқалиева,  «Орал өңірі» газетінің тілшісі Гүлсезім Бияшева болды.

Екінші орын «Ақжайық» атауымен қатысқан журналистер мен әлеуметтік желі қолданушылары шықса, үшінші орын «ТДК-42» телеарнасының тілшілері иеленді.

«Ақжайық» командасының мүшесі – Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының магистрі, əлеуметтік желіні белсенді қолданушы Ерболат Мұхтарұлы «Үздік ойыншы» атанды.

Жеңімпаз-жүлдегерлер БҚО ішкі саясат басқармасы басшысының  атынан дипломдармен және арнаулы сыйлықтармен марапатталды. Жүлдегерлерді БҚО «Азаматтық Альянс» ЗТБ төрағасы Аслан Тапишев пен Орал қаласы жастар ресурстық орталығының  басшысы Дулат Жүсіпқалиев құттықтады.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»