8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Наурыз 2020 1975 0
Қоғам

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ, САҒАТ ЖҮКТЕМЕСІН БӨЛУДЕ ПАРА АЛҒАН

5 наурыз күні Департамент басшысы Р.С.Ақмырзаев білім басқармасы ұжымы, колледждер және облыстық мектептердің директорларымен кездесу өткізді.

Р.С.Ақмырзаев қатысушыларды Агенттіктің негізгі жұмыс бағыттарымен таныстырды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін түсіндірді.

Республика бойынша білім саласындағы қылмыстық-тергеу тәжірибесін талдау осы саладағы сыбайлас жемқорлық негізінен жұмысқа орналастыру үшін заңсыз материалдық сыйақылар алу, курсқа қатыспай-ақ оқығандығы туралы сертификаттар беру, ұстаздарға сағаттар бөлу және т. б. бар екендігін көрсетті.

Департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин электронды-цифрлы қолтаңбаны екінші адамға беру, жатақханадан оқушыларға (студенттерге) орын беру, жөндеу жұмыстары, студентерді тәжірибеден өткізуге жіберу кездерінде туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпараттандырды.

2019 жылы Теректі ауданы Подстепное мектебінің директоры Каймулдинов жұмысқа орналастыру үшін 300 мың теңге пара алу, Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің басшысы Сапаровтың мердігер компаниядан 2 млн жуық теңге пара алу деректері бойынша қылмыстар орын алып, сот шешімдерімен айыпты болып танылды.

«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасының танымалдығын арттыру үшін оқу жылының ІІІ тоқсанында өтетін ата-аналар жиналысында арнайы бейнероликтерді көрсету ұсынылды. Сонымен қатар, әр мекеменің штаттық кестелерін Интерактивті картаға салу қажеттілігі ескертілді.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
817 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»