8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Тамыз 2018 2658 0
Қалалықтар қаперіне

Білім саласына қатысты мәселелерге құлақ түрді

Жаңа оқу жылының басталар күні таяу. Осы орайда қалалық білім беру бөлімінің бастамасымен ашық есік күні ұйымдастырылып, қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ж.Төремұратова және бөлім мамандары қала тұрғындарын қабылдады.

Қабылдауға келген азаматтардың мәселелері әр түрлі. Мәселен, бөлім басшысы Жансұлу Төремұратоваға келген Лихачева Надежда екі жиенін сабаққа дайындау үшін көмек сұрап келді. Айтуынша, осы жылдың шілдесінде күйеу баласы дүние салған. Қызы жұмыссыз әрі жуырда сырқаттанып, ауруханаға түсіпті. Енді қызы мен күйеу баласының екі кішкентайын өз қолдарына алған. Надежда Афанасьевна 3 және 4-сыныпқа баратын жиендерінің оқуына қажетті оны-мұны алғанымен, мектеп формасы мен спорттық киімдер әлі алынбаған.

– Балалар бұрын Желаевтағы №14 мектепте оқыды. Болған жағдайларға байланысты қызымның балаларын қолыма алып, өзіміз тұратын «Ремзауыт» ауданындағы №13 мектепке ауыстырдым. Мектеп ауысқан соң, мектеп формасы да өзгеше. Аяқ киімдерін де ала алмадық. Әрі балаларға жәрдемақыны рәсімдеу де ұзақ уақыт алады екен. Өзіміз зейнеткерміз, – дейді Надежда Афанасьевна.

Әжейдің бұйымтайын толық тыңдаған соң, Жансұлу Меңешқызы балалардың жаңа мекенжайы бойынша қорғаншылық органы тексеріске баратынын және балалардың мектепке дайындалуына көмек көрсетілетінін жеткізді.

Ардақ есімді жас ана екі жасар бөбегін балабақшаға орналастырғысы келеді. Әйткенмен, үйлеріне жақын маңда орналаcқан Солтүстік-Шығыс шағынауданындағы №34 «Балбұлақ» балабақшасында орын болмай тұр. Оған басқа балабақшадағы бос орындарды қарап, сол бақшаға орналастыру және кезегі келген кезде «Балбұлаққа» ауысу ұсынылды. Әрі сол жерде бөлім мамандары http://garden.bilim-oral.gov.kz/ru/ сілтемесі арқылы бос орындар бюллетеньдерін қарау, кезекке қою жолдарын көрсетіп, түсіндірді.

Анюза Хайруллина Қазталов ауданындағы мектепте кітапханашы болып жасауда. Отбасылық жағдайына байланысты жуырда облыс орталығына келген. Өзі – үшінші топ мүгедегі. Енді жұмысын қалаға ауыстыруға ниетті. Жансұлу Төремұратова оған мүгедектігін растайтын құжаттарымен қоса қалалық білім беру бөліміне өтініш жазуы қажеттігін және бос орындар ашылса, бірінші кезекте жұмысқа орналасуға қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Сонымен қатар мектеп бағдарламасының жаңартылған білім мазмұнына көшуіне байланысты жаңа оқулықтардың енгізілуіне, балаларды әлеуметтік қолдауға қатысты өтініштерін білдіргендер, мектептердегі интернетке қолжетімділіктің баланың смартфонға тәуелділігін арттырып, денсаулығына, ой-санасының дамуына кері әсер ету мүмкіндігі туралы ой қозғағандар, сәйкесінше ұсыныстарын айтқандар да болды.

–  Жаңа оқу жылы алдында балалары балабақшаға, 1 сыныпқа баратын ата-аналардың, жұмыс іздеп жүрген жас мамандардың мәселелеріне құлақ түруді жөн санадық. Яғни, оқу үрдісіне байланысты ата-аналардың, ұстаздардың ой-пікірлерін тыңдап, мәселелерін бірлесе шешу – біздің негізгі мақсатымыз. Қабылдауға келген азаматтардың өтініштерін, ұсыныстарын қаперге алып, жұмыстанамыз, – дейді Жансұлу  Меңешқызы.

Айта кету керек, 2018-2019 оқу жылында Орал қаласы бойынша 50 жалпы орта білім беретін мектеп, 1 кешкі мектеп, 50 мемлекеттік және 49 жеке балабақша, 29 мектеп жанындағы шағын орталық жұмыс жасайды. Күні бүгін қалаға 85 пайыз оқулық жеткізілген. 1 қыркүйекке дейін мектептер оқулықтармен толығымен қамтылады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
352 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
440 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
496 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
508 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
558 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
777 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
808 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
759 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
711 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
755 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
937 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»