БЕС ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫНА ҰРЛЫҚҚА ТҮСКЕН
Кейінгі кездері қала аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарда ұрлық фактілері жиіледі. Себебі, кейбір үй құрылысы, коттедж сынды ірі, үлкен үйлер салынып жатқан нысандар түнде күзетілмейді. Осы сәтті пайдаланған әккілер құрылыс нысандарына көз байланған шақта кіріп, қолына іліккендерін ұрлап кетеді.

Мысалы, 1985 жылғы И. есімді тұлға бір күнде 5 құрылыс нысанына кіріп, үй салуға қажетті құрал-сайман, жар тескіш құралдарды таңдап жүріп ұрлап кеткен. Бұл аз дегендей, өзі кірген нысандардан түрлі-түсті металдар мен қаңылтырларды сыпырып, жинап, тиеп кеткен. Ұрланған заттарды сатып, қомақты ақшаны өзінің күнделікті қажетіне жаратқан. Бұрын сотталған бұл күдікті полиция қызметкерлерінің қолына түспегенде әлі бірнеше ұрлық жасар еді. Қазіргі таңда күдікті ұрлыққа жол бергенін мойындады.
Орал қаласы Полиция басқармасының тергеу бөлімі 5 эпизодты ұрлық фактісі бойынша тергеу амалдарын жүргізуде.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу