Бес нәресте Қазақстанның 20 миллионыншы адамы атанды

14 қарашада Қазақстан халқының саны 20 миллионға жеткені хабарланды. 20 миллионыншы азаматтың туғандар мен қайтыс болғандар саны, Қазақстанға келгендер мен кеткендер сияқты демографиялық мәліметтерді ескере отырып анықталды. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді біріктіру бұл процесті жеделдетіп, 20 миллионыншы адамның туған күнін тез анықтауға мүмкіндік берді.
«Халықтың деректер базасының көрсеткіштері бойынша 14 қарашада таңғы сағат 8:10-да 5 бала дүниеге келіп, халық санының 20 миллион болуына ықпал еткен. Қазақстанның 20 миллионыншы азаматтары Ұлытау мен Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келген. Олардың ішінде үшеуі ұл және екеуі қыз», – делінген хабарламада.
1991 жылы Қазақстан халқының саны 16,4 миллион адам еді. Тәуелсіздік жылдарында ел халқының саны 22,3 пайызға өсті.
Версия для печатиДереккөз: stan.kz
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру