8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қазан 2020 1175 0
Қоғам

БЕС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ТӘРТІБІ ӘДЕП КЕҢЕСІНДЕ ҚАРАЛДЫ

27 қазанда өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Батыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Г.Сарсенғалиеваға, Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдары бөлімінің басшысы Ж.Дүйсенғалиевке,  орынбасарлары А.Даубаев пен  Қ.Өмірәлиевке және  осы бөлімнің сектор  меңгерушісі Е.Шайхиевке қатысты тәртіптік істер қаралды.

БҚО Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Г. Сарсенғалиеваның тарапынан қарамағындағы қызметшілеріне қатысты әдепсіздік және орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол беру орын алған. Аталған мәселені талқылауға ҚР білім және ғылым министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі К.Т.Бекимова онлайн форматында қатысты. Тәртіптік істі қарау нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңесі Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын сақтамағаны үшін Г.Сарсенғалиеваға «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс жолдау туралы шешім бірауыздан қабылданды.

Одан соң Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдары бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиев пен оның орынбасары Аслан Даубаевқа қатысты тәртіптік мәселе  қаралды. Прокуратураның пайымдауынша, аталған тұлғалар қала аумағында бірқатар көшелердің автомобиль жолдары қайта құру жұмыстары бойынша құрылыс объектісіне мердігермен 2020 жылдың тамыз және қыркүйек айларында жасалған жұмыстар бойынша аралық актісіне қол қою барысында, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің талаптарын бұзып, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасаған. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тәртіптік іс бойынша барлық материалдар мен тараптардың уәждемелерін жан-жақты саралап, бөлім басшысы Ж.Дүйсенғалиев тарапынан аралық актілерге қол қою фактілері орын алмағанына байланысты оған қатысты тәртіптік істі тоқтатты, сонымен бірге, аталған бұзушылық бөлім басшысының орынбасары А.Даубаев тарапынан жасалғандығы белгілі болды. Дегенмен, А.Даубаевтың тарапынан бұзушылық мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық болмайтынын атап өтіп, қабылданған шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтамағаны үшін, оған «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс жолдау туралы шешім көпшілік дауыспен қабылдады.

Кеңесте көтерілген үшінші мәселе, Орал қаласының прокуратурасының заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынуында аталған Орал  қаласының   тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары  Қ.Өмірәлиев пен  осы бөлімнің сектор  меңгерушісі Е.Шайхиевке  қатысты тәртіптік іс болғанымен, облыстық прокуратура өкілінің аталған іс бойынша қосымша зерделеуді қажет деп тауып, материалдарды кері қайтару туралы ұсыныс білдіруіне орай, аталған тұлғаларға қатысты тәртіптік істі тоқтату туралы шешім қабылданды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»