8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Ақпан 2021 1128 0
Қоғам

БЕС ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

18 ақпан күні БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен  инвестицияларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті. Онлайн режимде өткен жиында кеңес мүшелерінің назарына бес жаңа инвестжоба ұсынылды. 

 

«КазАрмапром» ЖШС кеңес мүшелеріне газ поршенді электр станциясы құю цехының құрылысы жобасын таныстырды. Зауыт Бәйтерек ауданы Белес ауылы маңына жоспарланып отыр. Кәсіпорын жылына 20 мың тонна машина құрылысына қажеттілікті өтеуге  қуатты болады деп күтілуде.  Компания өкілі Артур Латыповтың мәліметінше, инвестицияның жалпы көлемі 46 000 000 000 теңгеге жоспарланған. Бұл жобаның өңірімізде іске  қосылуы импортқа тәуелділікті төмендетуге  мүмкіндік береді.

Зауыт құрылысын жүргізуде 200, іске қосылған жағдайда 400-дей адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Қазіргі уақытта компания тарапынан жабдықты жеткізушілермен келісім жасалып, болашақ өндірістің негізгі параметрлері анықталған. Енді зауыт құрылысы жоспарланып отырған Белес ауылы маңынан учаске бөлу үшін Бәйтерек ауданы әкімдігімен жұмыстар жүргізіліп, Deloitte консалтингті  компаниясынан алынған қорытынды негізінде «KazakhInvest» АҚ арқылы инвесторлар іздестірілуде.

Осы орайда жобаны жүзеге асыру үшін «Қазақстанның даму банкі» АҚ-нан заем алу және «BaiterekVentureFund»  тікелей инвестициялық қаржы тарту бойынша жұмыстар басталған. Сондай-ақ мемекеттік қолдау қажет. Атап айтқанда, Белес ауылы маңында инфрақұрылым тартылған жер учаскелері жоқ. Бұл алаңды бөлу және жобалау жұмысын бастауды едәуір кешіктіреді. Кеңес мүшелерінің  талқылауынан соң жобаның маңыздылығы ескеріліп қолдау көрсету туралы шешім қабылданды.

«ULP» АҚ ауылшаруашылықтық өндіріс-өткізу агроөнеркәсіптік жобасын ұсынды. Бұл – Теректі  ауданы аумағында жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және ұсақ, ірі қара малға жем дайындаудан бастап, сүт және ет өнімдерінің өндірісі. «ULP» АҚ төрағасы Василий Балакировтың айтуынша,  жобаны биылдан жүзеге асырған жағдайда табиғи қалыппен төрт жылдан соң 4700 бас ірі қара, 2000 сиыр  және 2700 бас генетикалық және етті  бағыттағы мал болады деп күтілуде. 2000 сиырдан 25 литрден күніне 50 000 литр сүт өндіріледі. Жылына орта есеппен 450 келі есебімен 1600 ірі қара союға жіберіледі. Қазір бизнес-жоспар дайындалып, қаржыландыру бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізілген. Инвестицияның жалпы көлемі – 20  млрд.теңге.  Қазіргі уақытта 5000 гектарлық  жер бар, жобаның толық қуаттылығы үшін қосымша 5000 гектар жер және зауыт құрылысы үшін 200 гектар жер учаскесін бөлуден мемлекет қолдауы қажет.

Теректі ауданында жүзеге асырылуы жоспарланған тағы бір жоба – керамзит қиыршық тасын шығаратын зауыт құрылысы. Құны – 2,5 млрд. теңге. Бұл зауыт құрылыс үшін жылына 200 мың текше метр өнім өндіреді.

«FOOTBALL KIDS URALSK» жеке кәсіпкерлігі Орал қаласында балалар футболын дамытуға ниетті. Инвестициялық жобаның құны – 118  млн. теңге. Кәсіпкерлік иесі басшысының орынбасары Т.Ізтілеудің сөзінше, бүгінде  0,04 гектарлық, яғни 40х10 өлшемді алаң салуға орын бар, дегенмен аумақты 48х25 өлшемге ұлғайту үшін қосымша жер учаскесі қажет. Сондай-ақ нысанға инфрақұрылым тарту бойынша қолдау күтіледі.

Инвесторлық кеңесте қолдау тапқан жобалардың қатарында Қазталов ауданында  жүзеге асырылатын балық өсіру агроөнеркәсіптік кешенін ұйымдастыру жобасы. Оған қоса кешенде  ірі қара, құс өсірілмек. Инвестициялық жобаның құны – 200 млн. теңгеге есептелген.

Жиынды қорытындылаған облысы басшысы Ғали Есқалиев ұсынылған әр жобаның маңыздылығын атап өтті. Бұл жобалардың жалпы құны 70 млрд. теңгеге жуық. Осы жобалардың іске қосылумен 700-ден астам жұмыс орны ашылады.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»