05 Мамыр 2021 1965 0
ҚоғамБЕРЕКЕЛІ РАМАЗАН КЕРУЕНІ
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елімізде «Берекелі рамазан керуені» марафоны бастау алды. Аталмыш марафон Бөрлі ауданында жалғасын тапты. Бұл туралы Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аудандық мешіт пен «Берекелі жамағат» еріктілер қорының ұйымдастыруымен ауданның солтүстігінде орналасқан Бөрлі, Қанай, Пугачев, Бумакөл, Приураль, Жарсуат елдімекендеріндегі аз қамтылған, көп балалы 30 отбасыға қайырымдылық қораптары таратылды.
Қайырымдылық керуені Рамазан айының соңына дейін барлық ауылдық округтегі және Ақсай қаласындағы аз қамтылған отбасыларға жалғасын табатын болады.
Алла Тағала қасиетті Құранның «Мәида» сүресінде: «Өздеріңді Аллаға жақындататын ізгі істерде, тақуалықта бір-біріңе жәрдемдесіңдер! Ал күнәлі істерде һәм дұшпандық жасап, шектен шығуда біріңе-бірің болыспаңдар», – десе, адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамдардың ең қайырымдысы – өзгеге пайдасын тигізгені» деген. Мінекей, «Зекет және қайырымдылық» қоры мамандары мен өңірлердегі имамдардың арқасында Рамазан айында күн сайын үздіксіз қайырымдылық іс-шаралары өтуде.
zhaikuni.kz
Соңғы жаңалықтар
Өзек
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
05 Желтоқсан 2025
59 0
Медицина
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
04 Желтоқсан 2025
122 0
Өзек
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды
02 Желтоқсан 2025
152 0
Өзек
Өңірлерді қолдау күшейеді: 2026-2028 жылдарға арналған трансферттер инфрақұрылымды дамытуға бағытталады
22 Қараша 2025
464 0

Кіру
Пікір үстеу