8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Тамыз 2019 2197 0
Өзек

БЕЛЕСТЕ АТЫЛҒАН ОҚ

11 тамыз күні  Бәйтерек ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Белес ауылында оқ атылғаны туралы  хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы, ауданның әкімшілік полиция қызметкерлерінен құралған  жедел-тергеу тобы келіп жетеді. Оқиға барысын анықтау кезінде Орал қаласының төрт тұрғыны табиғатқа демалысқа шыққаны белгілі болды. Олардың бірі өзімен бірге тіркелген аңшылық қаруын ала шыққан. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.

 

 

Олар Орал қаласы мен  Бәйтерек ауданы Белес ауылы арасындағы далалық жерге орналасып, екеуі алкоголь ішімдігін іше отырып, шыны ыдыстарды атқан.

Кейін екеуі ішімдікке Белес ауылына кетеді. Дүкеннен шыға бере Белес ауылының екі тұрғынының арасында жанжал туып, келген жігіттердің бірі автокөлігінен қару шығарып, қашып кетеді. Бірнеше уақыттан кейін атылған оқ дауысы естіледі де, Белес ауылының тұрғыны артынан жүгіріп барып, қаруын тартып алады.

Оқ ату кезінде ешкім жапа шекпеген.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша материал жинақталып, «Сайга-20» маркілі қару,  2 магазин, 6 оқ тәркіленді. Қару иесіне және оның танысына ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы 1-бөліміне (Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда атыс қаруынан, газды, электрлі, пневматикалық және лақтырылатын қарудан оқ ату)  және 440-бабына (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, қару иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы 1-бөліміне (Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге iшкi iстер органдарының рұқсаты бар адамдардың азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау тәртібін бұзуы) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Іс одан әрі қаралып, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Бәйтерек ауданының  әкімшілік сотына жолданды.

Сондай-ақ, куәгерлерді сұрастыру және Белес ауылының тұрғындарымен сөйлесу кезінде адамдарды ату фактісі расталған  жоқ.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»