8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Сәуір 2019 2713 0
Без рубрики

БАУЫРЖАН – «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» ЖЕҢІМПАЗЫ

               Жастар жылы аясында қалалық  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Орал қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің  байқауы өтті.

Шараны ашқан қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов ашып, көркемсөз өнерін кемелдендіру, өлең сөздің қоғамдық қызметін көтеру ұлы Абайдың үлесіне тигенін тілге тиек етіп, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Алдымен жиналғандар «Сәкен жырдың сарқылмас дариясы», «Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің хас шебері», «Жыр жұлдызы – Фариза», «Сәбит Дөнентаев – сатирикалық өнердің шебері»  тақырыбындағы көрмелерді тамашалады.

Талантты жастарды айқындауды көздеген байқау екі кезеңді қамтыды. Бірінші кезеңде жастар Б.Майлин мен С.Сейфуллиннің прозалық шығармаларынан үзінділер оқыса, екінші кезеңде С.Дөнентаев, І.Жансүгіров және Ф.Оңғарсынованың поэзиясымен сусындатты. Ақын Айтқали  Нәріков бастаған әділқазылар сұлу сөздің қадірін түсінгендерді іріктеді.

Байқау нәтижесінде  Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенті Райымбек Мұхамбетов «Көрермендер көзайымы» атанса, Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің өндірістік оқыту шебері Айдос Шайжанов үшінші орынды иеленді. Екінші орын М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенті Жанар Елемесоваға бұйырды.  Ал  Серебряков орта мектебінің жас ұстазы Бауыржан Зинешов бас жүлдесін қанжығалады.

 Нұрлан ЕДІГЕНОВ

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
16 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
88 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
67 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
78 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
148 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»