8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Шілде 2018 2591 0
Қалалықтар қаперіне

БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТУРИСТЕР ВЕЛОСИПЕДПЕН БАС ҚАЛАҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ІІ қиындықтағы категориялы веложорық Астана қаласының 20 жылдығы аясында Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының бастамасымен  ұйымдастырылуда. Жорық бүгін Орал қаласынан бастау алды. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Сандуғаш Айтқалиева мен облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Виктор Фомин және батысқазақстандықтар мән-маңызы ерек жолға аттанған туристерге ақ жол тілеп, шығарып салды.

Жорықшылар алты адам – облыстық және Ақжайық аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының, Бөрлі, Сырым аудандары жас туристер станциясының қосымша білім беру педагогтары. Астанаға сапар «Евразия» туристік сауықтыру кешенінен бастау алды.

– Бүгін «Евразия» балалар елінен» алты озатымызды шығарып салудамыз. Ұзақ жолды велосипедпен жүріп өтуге әлі ешкімнің батылы жеткен жоқ.  Сондықтан  осы шешімді қабылдаған жерлес-әріптестерімізді мақтан етеміз. Тарихи сәтке куә болып тұрған өрендерімізді де болашақта осы қатардан көргіміз келеді. Дәстүріміз бойынша жорықшыларға ақ жол тілеймін, – деді Виктор Павлович.

Велосипедшілер Орал – Ақтөбе – Тобыл – Қостанай – Есіл қалалары арқылы өтіп, тамыздың 3-ші жұлдызында Астанаға жетеді деп күтілуде. Мақсат –велосипед туризмін дамыту, өлкетану ісіне баулу. Жорық аясында олар әр қалаға тоқтап, туризм орталықтарында болады. Әрі сол жерлердің тарихи жерлерін тамашалау,  тарихи-мәдени ескерткіштермен танысу жайы да тыс қалмайды.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай алыс қашықтықтағы жорық алғаш рет қолға алынып отыр. Жорықшылар әр күні 100 шақырымдай жүріп, 20  күнде 2000 шақырымды еңсермек. Тамақ-су, киім сынды жүктері өздерімен бірге. Ұзақ сапар алдында бір ай көлемінде дайындық жүргізілген. Алдағы жүретін жолдар да зерттелген.

–  Шеберлікті шыңдау масатындағы дайындықтар жасалды. Күніге  Тасқала, Теректі аудандары бағытында  30-40 шақырымдай велосипедпен жүріп, дайындалдық. Негізінен ұзақ жолға қарапайым велоспедтер жақсы. Бірақ, Ақтөбеге қарай таулы жол көп. Ал үлкен жүкпен қарапайым велосипед арқылы жоғары шығу қиындау. Сондықтан екі жаңа велосипед алынды, – дейді жорық мүшесі, облыстық орталықтағы туризм бөлімінің әдіскері Медет Нәсіпқалиев.

Атап өтейік, қазіргі уақытта облыс аумағында оқушылар арасында  І категориялы велосипед жорығы өтуде. Қазталов ауданынан бастаған жорықшылар 385 шақырымды жүріп өтіп, Тасқалаға жеткен. Бұйырса, 17 шілдеде Оралға келмек.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
352 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
440 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
495 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
508 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
556 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
776 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
808 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
759 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
711 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
754 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
936 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»