8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қыркүйек 2021 1392 0
Дені сау ұлт

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 18,8 ПАЙЫЗЫ САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Н.Жұмағұлова бүгін, 28 қыркүйек күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыстық филиалдың сегіз айда атқарған жұмыстары туралы баяндады.

Биыл  облысы бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметтер көрсетуді жүзеге асыру үшін қор  49 денсаулық сақтау субъектсімен шарт жасаған. Оның 38 немесе 77,6 пайызы мемлекеттік меншік нысаны, 11-і, яғни 22,4 пайызы жеке меншік нысан.

Филиал директорының айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 42 нысанмен келісімшарт жасалған, келісімшарттың жалпы сомасы – 20,4 млрд.теңге. Оның 76,2% -мемлекеттік, 23,8% – жеке меншік.

– 2,5 млн. консультациялық-диагностикалық көмек қызметіне 4,8 млрд. теңге сомасына жасалды (бір тіркелген тұрғынға 4 қызмет) оның ішінде бейінді мамандардың 1,1 млн. консультациясының соммасы 1,8 млрд. теңге, 1,2 млн. диагностикалық қызметінің сомасы 2,1 млрд. теңге төленді және де тағы басқа қызметтер бар,  – деді Нұржамал Шамғонқызы.

Жыл басынан бері 2101 науқас міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тәуліктік стационарларда медициналық оңалту қызметтерін алды. Оған 463,4 млн теңге жұмсалған.  Жоспарлы түрде стационарларда 23 338 пациент емделді, аударылған сома 3,6 млрд. теңге. Жалпы құны 1,39 млрд теңгеге 5 843 ота жүргізілді, оның ішінде жоғарғы технологиялық медициналық көмектін қолданумен – 94 қызмет көрсетілген.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде – 30 аурулар тобы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тегін амбулаториялық дәрілік заттармен 110 аурулар тобы бойынша пациенттер қамтамасыз етіледі, оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар бойынша 66 және де 44 аурулар тобының нозологиясы ересектерге арналған, барлығы 899 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар.  2021 жылғы 8 ай кезеңінде 4,4 млрд. теңге сомаға 140 015 пациент қамтамасыз етілді, бұл жазып берілген рецептілер санының 99,9 пайызын құрайды.

Сондай-ақ 1 қаңтар мен 31 тамыз аралығындағы кезеңде жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының жіті респираторлық инфекцияларын, пневмонияны, ауруханадан тыс пневмонияны және COVID емдеу үшін жалпы сомасы 78,9 млн. теңгеге 21 893 науқас, оның ішінде 13 988 науқас балалар 18,6 млн. теңге сомаға дәрілік заттармен қамтамасыз етілді.

– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске асырудағы өзекті мәселелердің бірі біздің азаматтарымыздың сақтандырылу мәртебесі болып табылады. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V Заңының 5-бабына сәйкес қорға аударымдар және (немесе) жарналарды төлеуді жүзеге асырылған, сондай-ақ осы Заңның 28-бабының 7-тармағына сәйкес қорға жарналар төлеуден босатылған адамдардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқығы бар, – деп атап өтті  спикер.

«Сақтандыру» базасының деректеріне сәйкес, 2021 жылдың 1 қыркүйектегі жағдай бойынша сақтандырылған халықтың саны 81,2 пайызды құрайды, ал сақтандырылмағандардың үлес салмағы 18,8 пайызы немесе 127 135 адамды құрап отыр. Бүгінгі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту үшін аудандар мен Орал қаласының әкімдіктері облыстың әрбір сақтандырылмаған азаматтарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»