БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ТОП ЖАРДЫ
1-7 желтоқсан аралығында Астана қаласында «WorldSkills Kazakhstan» республикалық чемпионаты өтті.

Чемпионатқа БҚО атынан қатысқан студенттер бірнеше аталымда жеңімпаз атанды.
Атап айтқанда, Сервис және жаңа технологиялар колледжінің студенті Аэлита Аманғосова «Наубайшы шеберлігі» құзыреттілігі бойынша бірінші орын, Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің студенті Темірлан Орынов «Сандық бағдарламамен басқару станогындағы токарлық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша бірінші орын алып, алтын медаль тақты.
Сервис және жаңа технологиялар колледжінің студенті Юрий Гапонов «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша үшінші орын, Орал политехникалық колледжінің студенті Бақтияр Қаженов «Бояу және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша үшінші орынды иемденді.

Білім додасында топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз.
«Жайық үні»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу