8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Желтоқсан 2018 3486 0
Қоғам

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨРТ СӨНДІРУШІ «ЖЫЛ ПАТРИОТЫ» АТАНДЫ

БҚО ТЖД №2 өрт сөндіру қызметінің қызметкері Андрей Сурко «Жыл патриоты» атанды.

Ағымдағы жылдың 5 желтоқсан күні елордамыз Астана қаласының «Қазақстан» орталық концерт залында дәстүрлі республикалық патриоттар форумы өтті. Форумның мақсаты – халықтың патриоттық рухын нығайтып, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Республикамыздың әр аймағынан 200 делегат қатысқан бұл форумға облысымыздан, соның ішінде Қызметтің №2 өрт сөндіру бөлімінің командирі, азаматтық қорғау прапорщигі Андрей Антонович Сурко қатысты. Форум барысында өз ісін асқан ықыласпен орындап, күнделікті еңбегі мен үлгілі ісімен жұрт назарына ілінген Андрей Антонович «Жыл патриоты» номинациясымен марапатталды.

Тәуелсіздігіміздің 27 жылдық мерейтойына орай халық өмірін құтқаруда өлшеусіз үлес қосып келе жатқан қызметкеріміздің осындай жетістікке ие болуы – біз үшін үлкен мәртебе.

Бұған дейін талай мәрте үздіктердің қатарында келе жатқан қызметкерімізге алдағы уақытта да еңбегіне табыс тілейміз!

Арайлым Ғани,    Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл  және ақпарат тобының баспасөз хатшысы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
247 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
286 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
323 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
522 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»