04 Мамыр 2021 1315 0
ҚоғамБАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ БЕС ОҚУШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДАН АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ
Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиаданың қорытындысында батысқазақстандық 29 оқушы жүлделі орынға ие болды.
2020-2021 оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы 25-30 сәуір аралығында өтті. Қазақстандағы қатысушылар саны бойынша жетекші орын алатын олимпиада 16 жалпы білім беретін пәнді қамтыды. Елдегі пандемия жағдайын ескере отырып, республикалық олимпиада «Ustudy» орталықтарының негізінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, өңірлерде және республикалық маңызы бар қалаларда өткізілді. Олимпиада «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасына сүйене отырып, прокторинг жүйесінде ұйымдастырылды және қатысушыларды отырғызу кезінде пәндер мен сыныптарды «араластыру» әдісі қолданылды.
Олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірлерінен 1557 оқушы қатысқан. Олардың ішінде Батыс Қазақстан облысынан 71 оқушы бақ сынаған болатын.
Олимпиада нәтижесінде батысқазақстандық бес оқушы алтын медальға ие болса, сегіз оқушы күміс медаль, 16 қатысушы қола медаль алды. Жеңімпаз-жүлдегерлердің 11-і – Орал қаласы мектептерінің оқушылары.
Айта кетейік, жыл сайын Республикалық олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 16 жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында 4 кезеңде өткізіледі. Биылғы оқу жылында Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 1 миллионға жуық бала қатысты, оның ішінен аудандық кезеңге 100 мыңға жуық оқушы өтті. Облыстық кезеңде 12 мыңнан астам оқушы қатысқан.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Өзек
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
05 Желтоқсан 2025
56 0
Медицина
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
04 Желтоқсан 2025
121 0
Өзек
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды
02 Желтоқсан 2025
151 0
Өзек
Өңірлерді қолдау күшейеді: 2026-2028 жылдарға арналған трансферттер инфрақұрылымды дамытуға бағытталады
22 Қараша 2025
460 0

Кіру
Пікір үстеу