БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАСКЕТБОЛШЫ ҚЫЗДАРДЫҢ ТАБЫСЫ
Алматы қаласында өткен республикалық чемпионатта Батыс Қазақстан облысының «BQO ARLANS» командасы күміс жүлдегер атанды.

Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлім еткендей, чемпионат 11-13 желтоқсан аралығында өтті. Дода 16 жасқа дейінгі қыздар арасында 3х3 ойыншымен ұйымдастырылған. Жарыс нәтижесінде өңір намысын қорғаған қыздар екінші оырнға ие болды.
Команда құрамында Жоғары аргарлық-техникалық колледждің студенті Томирис Тұрлан, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждің студенті Ақбота Шаяхметова, №1 орта мектептің оқушысы Айсенім Шәдіғали, №45 орта мектептің оқушысы Жәмиля Ғұмарова өнер көрсетті.
Команданың жаттықтырушысы Елдос Берғалиев.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу