8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Тамыз 2021 1312 0
Қоғам

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ АВТОЖҮРГІЗУШІЛЕР ӘДЕМІ НӨМІРЛЕР ҮШІН 88 МЛН. ТЕҢГЕ ЖҰМСАДЫ

Жыл басынан бері «жоғары сұранысқа ие» автокөлік нөмірлерін 329 адам алған.  Көлік сатып аларда азаматтар көлікке арнайы мемлекеттік нөмір алуы тиіс. Егер қызмет алушы ерекше нөмірлі көліктің тізгінін ұстағысы келсе, онда құны қымбаттау тұратын «жоғары сұранысқа ие» нөмірлердің бірін алуына болады.

Әдеттегі қарапайым нөмірдің құны – 2,8 АЕК, яғни 8 168 теңге. Сұранысқа ие нөмірлер құны жағынан алты санатқа бөлінеді. 777, 007, ААА немесе ZKO сынды түрлі цифрлық белгілер арасындағы «әдемі» нөмірлерге тоқталсақ, ең төменгі құны – 166 269 теңге, ең қымбаты – 831 345 теңге. Мамандандырылған ХҚО-ға жүгінген кезде ұсынылған нөмірлердің тізімінен ұнағанын таңдау еркі бар.

Жыл басынан бері Орал қаласы Мамандандырылған ХҚО бөлімінен клиенттер жалпы сомасы 87 850 604 теңгеге «әдемі» нөмірлер алған. Сондай-ақ, «жоғары сұранысқа ие» нөмірлер қатарындағы сандар немесе әріптерді қолдана отырып, өз қалауындағы нөмірге Әкімшілік полиция басқармасына жолығу арқылы тапсырыс беруге болады. Керекті нөмір бос болса, бір айдың ішінде Мамандандырылған бөлімнен келіп ала алады. Көлік құралын сатқан жағдайда клиенттің VIP-номерді өз атына қалдыру құқығы бар. Тек Мамандандырылған бөлімге уақытша тапсыру керек. Сақтау мерзімі – 6 ай, алғашқы айда тегін сақталады, қалған 5 айы үшін бір рет 8 168 теңге төленеді.

Egov порталында көліктің техпаспорты мен мемлекеттік нөмірлерді үйге жеткізу қызметі барын есіңізге саламыз. Автокөлікті онлайн түрде қайта тіркеген соң Мамандандырылған бөлімге барып қажет емес, мамандар құжаттарды бір күннің ішінде жеткізіп береді.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Батыс Қазақстан облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»