8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Наурыз 2021 1284 0
Қоғам

БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕКТЕПТЕР ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ЕСІМІН ИЕЛЕНДІ

Батыс Қазақстан облысында бірнеше мектеп ұлтымыздың ұлы тұлғаларының есімін иеленді. Жақында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Батыс Қазақстан облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және олардың атауларын өзгерту туралы Үкімет қаулысына қол қойды. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл қаулыға сәйкес, бұдан былай Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты Абай есімімен аталатын болды. Б
ұл мектеп-гимназия түлектері ҰБТ сынағында еліміз бойынша үнемі ең үздік нәтиже көрсететін мақтаулы мектеп.
Атауы жаңарған білім ордалары арасында Бәйтерек ауданындағы 9 ауылдық мектеп бар. Ресей Федерациясымен шекарада орналасқан бұл ауданда елдімекен, мекеме-ұйымдар атаулары тәуелсіздік талаптарына сәйкес келмейтіні бұрын да айтылып жүретін. Міне, енді үкімет қаулысынан кейін Дариян мектеп-гимназия-интернаты – «Абай атындағы мектеп-гимназия-интернаты», Трекин жалпы орта білім беретін қазақ мектебі – Қадыр Мырза Әлі атындағы, Первосоветск жалпы орта білім беретін мектебі – Шоқан Уәлиханов атындағы, Щапов жалпы орта білім беретін мектебі – Бауыржан Момышұлы атындағы, Батурин жалпы орта білім беретін мектебі – Талғат Бигелдинов атындағы, Новенький жалпы орта білім беретін мектебі – Қасым Қайсенов атындағы, Ульянов жалпы орта білім беретін мектебі – Ілияс Есенберлин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп деп аталатын болды.
Осы қаулыда Шыңғырлау ауданындағы Белогор негізгі мектебі – Ақтау ауылының негізгі білім беретін орта мектебі, Полтава негізгі орта білім беретін мектеп-балабақшасы – Ардақ ауылының негізгі білім беретін орта мектеп-балабақшасы болып өзгертілгені де айтылған. Аталған ауылдардың тарихи атауын қайтарып алғанына бірнеше жыл болған еді.
– Білім ордаларына өскелең ұрпаққа рух беретін ұлы тұлғаларымыздың есімін беру жұмыстары болашақта да жалғасады. Қазірдің өзінде Қаратөбе ауданындағы екі мектепті Ғарифолла Құрманғалиев пен академик Қажым Жұмалиевтің есімімен атау туралы ұсыныс түсті. Орал қаласында да Бауыржан Момышұлы мен Қадыр Мырза Әлі есімін сұрап отырған мектептер бар. Қазір құжаттары қатталып, тиісті рәсімдері жасалып жатыр, – дейді Батыс Қазақтан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Ізбасар Жұмағали.
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»