8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Сәуір 2020 2005 0
Қоғам

БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 14 174 ОТБАСЫҒА 50 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН АУДАРЫЛАДЫ

Елімізде коронавирус індетінің алдын алу, тұрғындарды қолдау, соның ішінде аса мұқтаж жандардың игілігін қанағаттандыру  мақсатында Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» республикалық қоғамдық қоры құрылғаны белгілі. Қорға еліміздегі ірі кәсіпкерлер, ауқатты азаматтар, ірі компания басшылары қаржы аударды.  Соның ішінде жерлесіміз, өңіріміздегі белді кәсіпорын иесі, парияның белсенді мүшесі Михно Валентина Павловна да бар.

«Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының орынбасары М.Мұқаевтың  мәлімдеуінше, «Birgemiz» қоры арқылы  Қазақстандағы ең ірі 23 қаладағы аса мұқтаж 150 мыңнан астам адам көмекпен қамтылуда. Көмекке мұқтаж жандардың тізімі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасы негізінде жергілікті мемлекеттік органдардың арнайы бөлімдері арқылы жасақталды. Қоғамдық қор негізінде құрылған қамқоршылар кеңесі де аталмыш санаттар бойынша тізімдердің дұрыс жасақталуына қадағалау жасайды.

– Бірінші кезенде Еңбек министрлігінде аймақтардағы мемлекеттік органдардың  ұсынған мәліметтеріне сәйкес, аз қамтылған көпбалалы отбасылар-332, мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар-1365, жетім балалар-86, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңістірілгендер, тыл еңбеккерлері -788 адамды қамтыған алты санат бойынша жасақталған 5 440 мұқтаж азаматтарға «Birgemiz-Oral»  қоғамдық қорынан 50 000 теңге қаражат аударылды. Екінші кезеңде осы санаттар бойынша 8 734 адам қамтылады деп жоспарлануда, – деді Мұрат Рахметұлы.

Бұл игі бастама республика бойынша халықтың денсаулығына үлкен сақтықпен қарап, ешбір мұқтаж жанды үйінен шығармас үшін электронды түрде жүзеге асып жатыр. Банк басшылары да жанашырлық танытып, тұрғындардың есепшоттарын, банк карточкаларын электронды түрде реттеуге көмек көрсетуде.

Тұрғындар қиын кезеңде көмек қолын созған Елбасыға, «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорға ризашылықтарын білдіруде.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»