8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қаңтар 2020 1774 0
Қоғам

БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА АБАЙ МҰРАСЫН НАСИХАТТАУҒА АРНАЛҒАН 800-ДЕН АСА ШАРА ӨТЕДІ

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Батыс Қазақстан облысында 861 шара жоспарланған. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтылды. 

2020 жылы қазақ халқының Ұлы ақыны, ағартушысы  Абай Құнанбайұлының 175  жылдық мерейтойын мерекелеу туралы Қазақстан Республикасының Президентінің 2019 жылғы 30-мамырдағы №55-ші Жарлығы жарияланған болатын.

Ұлы ақынның мерейтойы  ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ  аясында атап өтілетін болады. Соған сәйкес Батыс Қазақстан облысының  Абай Құнанбайұлының 175  жылдық мерейтойын мерекелеу туралы өңірлік іс-шаралар жоспары жасақталды. Аталмыш шараны Тілдерді дамыту басқармасы жетекшілік етіп, басқарма жанынан Ұлы ақынның мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жұмысшы тобы құрылды. Жұмысшы тобына облыстың ардагер зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері, ЖОО ғалымдары, қалалық әкімдіктен және облыстық  басқармалардан жауапты өкілдер енгізілген.

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы С.Қ Ганиеваның баяндауынша, өңірімзде Абай мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында облыстық, қалалық , аудандық және селолық округтерді қамтыған  барлығы  861 іс-шара өткізу жоспарланған. Олардың төртеуі – халықаралық, алтауы – республикалық, 65-і – облыстық, 140-ы – қалалық, 646-сы  – аудандар мен ауылдық округтерде өтеді.

Ақынның мерейтойына арналған өңірлік іс-шаралардың салтанатты ашылуы 18 ақпанға жоспарланған. Бұл күні Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында «Абай мұрасы – қазақтың рухани қазынасы» атты шара өтеді.

Одан кейін Орал қаласында «Абай мұрасы-әлемдік мәдениет қазынасы», «Абай Құнанбаев:  XXI ғасырдағы білім және ғылым» атты конференция және  «АБАЙ-ПУШКИН» халықаралық жастар форумын ұйымдастыру жоспарланса, Шыңғырлау ауданында «Абай әлемі: қазақ әдебиеті мен тілінің бүгіні, болашағы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылады.

Сонымен қатар Орал қаласындағы Абай алаңын қайта  жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.  Бөрлі ауданы Ақсай қаласында Абай Құнанбайұлының скульптуралық композициясын орнату бойынша жұмыстар басталды. А.С.Пушкин музейінде Абай экспозициясы жасақталып, Жазушылар аллеясы ашылмақ. Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театыры М.Әуезовтың «Абай» спектаклінің қойылымын дайындауда. Бұл қойылым қала және аудандарда ұсынылады.

Сонымен қатар, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі мен   ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қатимолла Бердіғалиевтің «Абай әндері» атты концерті жоспарланған. Мерейтойлық шаралар қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концертпен қорытындыланады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
359 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
760 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
943 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»