8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қаңтар 2022 1448 0
Қоғам

БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА 57 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА

Батыс Қазақстан облысында 57 мыңнан астам оқушы қашықтан білім алуда, БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 14 қаңтардағы қаулысына білім мекемелерінде білім беру процесін ұйымдастыру бойынша тиісті іс-шаралар алынды. Оның айтуынша, мектепке дейінгі 521 ұйымның барлығы (32 179 бала) штаттық режимде жұмыс жасайды. Мектептерде үшінші тоқсан 17 қаңтарда басталып, 18 наурызға дейін жалғасады. Облыс және аудан орталықтарында оқушы саны 600-ге дейін 297 мектеп болса, онда 40 912 шәкірт штаттық режимде білім алады. Сондай-ақ оқушы саны 600-ден асатын 10 ауыл мектебінде 7826 жеткіншек те солай оқытылады. Штаттық сипатта білім алатындар үшін тамақтандыру ұйымдастырылады. Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, қалалық жердегі оқушы саны 600-ге жетпейтін 28 мектеп (7 984 шәкірт) штаттық режимде жұмыс жасайды. Қалалық жерде оқушы саны 600-ден асатын 44 мектепте 57 167 шәкірт қашықтан оқытылуда. Қаулыға сәйкес 1-2 сыныптардағы 13 483 оқушыға оқыту штаттық сипатта жүргізіледі. Қашықтан білім беретін мектептерде 3-5 сыныптарда 20 060 оқушы бар. Оларға кезекші сыныптар ұйымдастырылды, соның ішінде 18 196-сы штаттық, 1 864-і қашықтан оқытылады. Бұл жерде ата-ананың өтініші негізінде қашықтан білім беріледі. Білім беру ұйымдары қашықтан оқитындарға компьютерлік техниканы таратуда. Оқыту онлайн платформасымен ұйымдастырылады. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 2021-2022 оқу жылында 34 колледж (17 391 студент) жұмыс істейді. Демалыс студенттерге 24 қаңтарға дейін ұзартылды. Колледждер студенттерін оқыту аралас сипатта жүргізіледі: барлық дәрістер онлайн, икемді кесте бойынша, тәжірибелік, зертханалық, семинарлық сабақтар штаттық режимде. Сонымен қатар толық вакцинация курсынан өткен оқушылар мен студенттерді оқу орны әкімшілігінің қалауы бойынша штаттық режимде оқытуға жол беріледі. Облыс бойынша барлығы 2 732 оқушы вакцина алған. «Өңірде 50 қосымша білім беру орталығы қызмет атқарады.

Оларда оқушылардың 54,2 пайызы қамтылған. Оқыту – жеке сабақтар штаттық режимде, топтық сабақтар – 10 адамға дейін офлайн болады. Мектептердегі қосымша сабақтар қашықтан ұйымдастырылады. 3 облыстық арнаулы білім беру ұйымында және 13 түзету орталығында оқу штаттық сипатта жүргізіледі. Барлық білім беру ұйымдарында міндетті түрде санитарлық талаптарды сақтау шаралары қолға алынады», деді А.Мыңбаева.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
784 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»