8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Ақпан 2022 1712 0
Дені сау ұлт

БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА 47 МЫҢ АДАМ РЕВАКЦИНАЦИЯЛАНДЫ

Денсаулық сақтау мамандары атап өткендей, облыс тұрғындарының барлығы COVID-19-ға қарсы вакцина қабылдаса, сенімді  қорғаныс қамтамасыз етіліп, шектеулер де жеңілдетіледі. 

Бүгін, 4 ақпан күні өңірлік  коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте  облыстағы эпидемиологиялық ахуал мәлім етілді.   Жыл басталғалы коронавирустық инфекцияны 8 091 адамынң жұқтырғаны тіркелген. Қазіргі уақытта  амбулаторлық деңгейде 3 419 науқас ем алуда, 14 инфекциялық стационарда 394 науқас ем қабылдауда. Инфекциялық стационарлардың толымдылығы 52,5%-ды құрайды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнара Абдархманованың  мәліметінше, облыс бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация басталғаннан вакцинаның І компонентімен 267 668 адам егілген. Бұл жалпы жоспардың 64,5 пайызын құрайды. Оның ішінде «Спутник V» вакцинасын 191 103 адам, «QazVac» вакцинасын 20 769 адам, «Hayat – Vax» вакцинасын 25 013 адам, «Corona-Vac» вакцинасын 7 735 адам, «Vero Cell» вакцинасын 23 048 адам алды. Вакцинаның ІІ компонентімен барлығы 250 489  адам егілді.

Қазіргі таңда Pfizer компаниясының «Комирнати» вакцинасын 9 095 адам алған. Оның ішінде 4 709-ы жасөспірім болса, 321-і жүкті және 4 065-і бала емізетін әйелдер.

Бүгінде облысымыздың  47 006 тұрғыны  ревакцинациядан өтті. «Спутник Lite» вакцинасымен 1 805 адам ревакцинацияланды.

4 ақпандағы жағдай бойынша КВИге қарсы ревакцинациялауға Pfizer компаниясының Комирнати вакцинасымен 1 918 адам ревакцинацияланды, оның ішінде 843 медицина қызметкерлері мен 1075-і 60 жастан асқан адамдар.

– Кейбір Еуропа елдерінде COVID-19-ға қатысты шектеулерді жеңілдету жағдайлары байқалады. Алайда бұл шешім олардың халқының  80 пайыздан астамы ревакцинацияланудан өткеніне және вакцинацияланудың жоғары деңгейіне байланысты қабылданып отыр. Егер біздер шектеусіз өмір сүргіміз келсе барлығымыз вакцина алып, COVID-19-дан сенімді қорғанысты қамтамасыз етуіміз қажет, – дейді  Гүлнара Әбдрахманова.

 zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»