8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Желтоқсан 2018 130361 0
Қоғам

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында бүгін Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында білім басқармасының ұйымдастыруымен «Әке жолы – ізгі жол» атты облыстық әкелер форумы өтті.

Үлгілі әкелердің басын қосқан шараның мақсаты – ұлттық дәстүрімізге құрмет көрсете отырып, жастардың бойына Отаншылдық, патриоттық сезімдерді қалыптастыру, әке мен бала арасындағы қарым-қатынас туралы түрлі көзқарастар мен тұжырымдарды бір ортаға шоғырландыру, жаңашыл идеяларға қолдау көрсету болды.

Форумда аудан, қала мектептерінің «Отбасылық мұра» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Шараға облыс әкімінің орынбасары М.Сатқанов, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ақын Ш.Қыдырниязова, профессор, филология ғылымдарының докторы М.Сабыр, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Жақсығалиев, БҚО бойынша «Әкелер Одағы» төрағасы М.Дюсембеев, қоғам қайраткерлері, аудан, қала мектептерінің үлгілі әкелері және балалары қатысты. Пленарлық мәжіліске білім басқармасының басшысы Ш.Қадырова модераторлық етті. Шақырулы қонақтар баяндама жасап, отбасы құндылықтары, ұлттық сана, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі турасында ой-пікірлерін ортаға салды. Форум аясында отбасы құндылықтары мен әкенің қоғамдағы рөлін насихаттайтын бейнеролик көрсетілді. Қатысушыларға облыс әкімі және БҚО бойынша «Әкелер одағының» атынан алғыс хаттар табысталды.
Қазақ қоғамында қадым заманнан бала тәрбиесіне бей-жай қарамаған. Әкелеріміз баланы ертеңгі ел қорғайтын ер, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, мәрттікке тәрбиелеген. «Баланы жастан» деген аталы сөздің астарынан қазақтың бала тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлгенін, әке тәрбиесінің маңызын аңғаруға болады.
Әрбір отбасында ата-ана арасында береке-бірлік болса, сол шаңырақтың түтіні де түзу шығып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін, парасаты мен пайымы жарасқан саналы ұрпақ тәрбиеленері сөзсіз.

      

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»