Басты мақсат – саябақты дамыту
Таяуда Орал қаласындағы мәдениет және демалыс саябағына ат басын бұрған Орал қаласының әкімі М.Байменов эколог, қоғам белсенділерімен кездесті. Кездесуде зколог Д.Сариев, қоғам белсенділері С.Ильин, Б.Жұрмұқамбетов саябақтағы көлді жаңарту, аттракционды басқа жерге орналастыру, сауда нүктелерін жою ұсыныстарын айтып, ой бөлісті. Бұл ретте шаһар басшысы М.Байменов саябақтың бүгінгі жай – күйі жөнінде баяндады.
-Қаламыздағы бірден – бір тұрғындардың демалатын орны осы. Шаған өзенінде екі теплоход бар. Аталмыш саябақтың басшысына ағаштардың ескірген бұтақтарын жою қажеттігі туралы тапсырма берілді. Саябаққа көршілес Атырау қаласынан да отбасымен демалушылар сенбі,жексенбі күндері келеді. Енді мұнда сауда нүктесі мүлдем болмау керек деген пікірмен келіспеймін. Тұрғындар үшін өте қажет. Сондықтан алдағы уақытта белгіленген сауда орындарынан басқа, сауда – саттық енгізілмейді. Саябақтың ішіндегі саудагерлер келісім – шарт бойынша жұмыс жасауда. Бүгінгі басқосуда айтылған мәселелер бойынша сараптама жүргізіліп, тиісті бөлім басшыларына тапсырма беріледі,- деді қала әкімі М.Байменов.
«Жайық үні»
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру