8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Желтоқсан 2019 1350 0
Қоғам

Банк картасын тонайтындардың тұзағына түсіп қалудан қалай сақтану керек

ҚР Ұлттық банкі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің Fingramota жобасы банк картасын тонаушылардың тұзағына түспеу жолдарын көрсетті.

Интернет алаяқтары көбінесе атақты интернет дүкендердің көшірме сайтында (фишинг) жүреді. Фишинг сайттарға кірген адамдар өз карталарының реквизиттерін қалдырады. Карта реквизиті арқылы интернет алаяқтар санаулы секундтарда шотыңызды бос қалдыруы мүмкін. «Фишинг сайттардың тұзағына түсіп қалмау үшін тұтынушы интернетті қолдану, қорғау шаралары туралы аз да болсын ақпарат білуі керек. Интернет дүкен сайтының адресі http:// деп емес, https:// деп басталуы керек. Егер сайтта сіздің жеке мағлұматтарыңызды, төлем картасының CVV-кодын сұраса (картаның арғы бетіндегі 3 таңбалы сан) осы уақыттан-ақ сайтты жауып шығып кету керек», – деді хабарламада. Кибералаяқтардың құрығына түсіп қалмаудың бірнеше қарапайым тәсілі бар. Еш жерде жеке мағлұматты көрсетпеу, сайттың безендірілуіне мән беру, адрес жолағында сілтеменің дұрыстығын тексеру, https желісін бақылау, күдікті хаттарды фильтрлеу, банк аккаунттарына кіру үшін ашық wi-fi қолданбау, жеке мағлұматты ешкімге жария етпеу керек. Сонымен қатар, алаяқтар клиенттерге банк қызметкері сияқты хабарласып, төлем картасында ақау шыққанын, тез арада бұғатқа түсіру керек екенін айтады. Сөйтіп карта иесінен картаның нөмірін, реквизиттерін біліп алады. Сосын ұялы телефонына код келген жағдайда айтып беруін өтінеді. Кодты алған соң олар интернет банкингтегі нөмірді ауыстырып, шоттағы ақшаны алып кетеді. «Бұл жағдайда бірден әңгімені тоқтатып, банктің желі орталығына хабарласу керек. Егер банктен ешкім хабарласпағаны анықталса, тез арада банк бөлімшесіне барып арыздану керек. Банк қызметкерлерінің ешқашан бірінші болып карта туралы ақпарат сұрауға құқығы жоқ. Егер алаяқ сіз туралы көп мағлұмат білетін болса, сіздің атыңыздан товар алып, жаңа шоттар ашып, несие алуы да мүмкін», – деді департамент қызметкерлері.

https://www.inform.kz/kz/bank-kartasyn-tonaytyndardyn-tuzagyna-tusip-kaludan-kalay-saktanu-kerek_a3592124

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
359 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
760 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
943 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»