8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Шілде 2019 3577 0
Қалалықтар қаперіне

БАЛАЛАРЫ 1-СЫНЫПҚА БАРАТЫН АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы биыл 1 сыныпқа балалардың қалай қабылданатынын хабарлады. Балалары 1- сыныпқа баратын ата-аналар мен балалардың заңды өкілдері (қамқоршылар мен асырап алушылар) тиісті құжаттарды ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында тапсыруы керек.

1 сыныпқа қабылдау үшін төмендегідей құжаттар талап етіледі:

1) баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш (еркін түрде);

2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3) «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

4) № 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

5) 3x 4 көлеміндегі фото – екі дана.

 

Балаларды гимназиялар мен лицейлерден басқа бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар, конкурстар жүргізілмейді. Мектепке дейінгі мекемелерде болмаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар үшін білім беру ұйымдары оқу жылы басталғанға дейін даярлық курстарын ұйымдастырады.

Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа ата-аналардың ниеті бойынша (7 жасқа) толатын барлық балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді. Яғни,  бірінші кезекте білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын балалар қамтылады. Бос орындар болған жағдайда ниет білдірушілердің өтініштері қабылданады.

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі электронды және қағаз түрінде беріледі.  Электронды өтініш берілген жағдайда, 5 жұмыс күні ішінде телефонға хабарлама келеді, 10 күн ішінде қызмет алушы мектепке құжаттардың түпнұсқасымен барып, сәйкестендіруі қажет. Нәтижесінде құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі және жаңа оқу жылынан бастап орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық шығарылады.

Білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау кезінде білім беру ұйымдарының басшылары бекітілген білім беру қызметтерін көрсету үшін балалардың немесе білім алушылардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен шарт жасайды.

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау баланың ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық консультация қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Білім беру ұйымына оқуға қабылдаудан бас тартылған жағдайда білім алушының ата-анасы немесе өзге заңды өкілдері тұрғылықты жері бойынша білім беруді басқарудың жергілікті органдарына жүгінеді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
817 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»