8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қараша 2019 1752 0
Дені сау ұлт

БАЛАЛАР МЕН СТУДЕНТТЕРГЕ ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛЕДІ

Жыл сайын 20 қараша күні бүкіл әлем балалар күнін атап өтеді. Дүниежүзілік балалар күнін 1954 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы жариялады.

Бұл күн әлем елдерінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған қызметке арналған әлемдік бауырластық және балалардың өзара түсіністігі күні ретінде аталып өтеді. 1959 жылдың 20 қарашасында Бас Ассамблея Бала құқығы декларациясын, ал 1989 жылы – Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдады.

2000 жылы сегіз мақсаттан тұратын Мыңжылдық декларациясына қол қойылды, оның алтауы – балалардың қажеттіліктері туралы. Олардың ішінде шектен тыс кедейлікті азайту, АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралуын тоқтату, жалпы бастауыш білім беру сынды мәселелер бар. Сондай-ақ, бұл күні балалар денсаулығы мәселелерін шешу мәселесі жүктелген балалар дәрігерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді.

Елімізде кәмелетке толмағандардың денсаулығына асқан жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан 18 жасқа дейінгі балалар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі негізінде азаматтардың жеңілдік берілген санатына кіреді. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін МӘМС жүйесі аясында олар МӘМС пакетіндегі барлық қызметтерді тегін, соның ішінде стоматологиялық көмек пен вакцинацияны да тегін алатын болады. Балалардың сирек кездесетін ауруларын емдеу үшін тегін дәрі-дәрмек көлемі екі есеге өсті.

– Бұл күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне де қатысты, олар мемлекет есебінен сақтандырылады. Яғни, мемлекет 18 жасқа дейінгі әр бала үшін және әр студент үшін ай сайын республика бойынша орташа жалақының 1,4 пайызын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударады, – дейді филиал директоры Нұржамал Жұмағұлова.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»