БАЛАЛАРҒА ҚЫСҚЫ ЖЫЛЫ КИІМ СЫЙЛАДЫ
Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қаламыздағы белгілі «Давид строй» құрылыс компаниясы демеушілері атынан Жаңа жыл мерекесіне орай аз қамтылған отбасыларынан шыққан алты балаға қысқы жылы киім және мүмкіндігі шектеулі 30 балаға жаңажылдық сыйлықтар берілді.

Аталмыш сыйлықтарды балалардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша бөлім басшысы С.Кайрлиев және «Давид строй» құрылыс компаниясының басшылары В. Кудрявцев пен Қ.Жанғазиев табыстады.
Айта кету қажет, «Давид строй» құрылыс компаниясының қайырымдылық жасап, игілікті іспен айналысуы бірінші рет емес. Компания елімізде пандемия басталған кезде облысымызда алғашқылардың бірі болып облыстық ауруханаға үш бірдей қолдан тыныстандыру аппаратын сыйға тартқан болатын.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу