8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Маусым 2019 2209 0
Өзек

Балаңыз автокөлікте қалса…

Жаз мезгілінде ауа температурасының жоғарылауына байланысты темір-терсектің қатты қызитыны белгілі. Бұл ретте автокөлік те жоғары қауіптіліктің негізгі көзі болып саналады. Ата-аналардың көпшілігі көлігі көзден таса жерде қалса не болуы мүмкін деген сұраққа бас қатырмайды немесе бұл туралы тіпті ойламайды да.  Сол себепті күйбең тіршілікпен жүріп, қатты ыстықта балаларын автокөлікке бір немесе бірнеше сағатқа қалдырып кету фактілері жиі кездеседі. Жылдар бойғы практикаға сүйенер болсақ, көптеген балалар көлік ішінде экстремалды температурада қызып кету немесе тоңазу нәтижесінде жарақат алады. Бала қауіпсіздік белдігінен шатасып немесе байқаусызда әйнеккөтергіш түймесін қосқанда көліктің тұтануы немесе соқтығуы мүмкін.

Балаларды көлікке отырғызу және түсіру процесі көлік қозғалысының жауаптылығынан кем емес. Сондықтанда отырғызу-түсіру әрекеттерін жолдың жиегінде жасаған жөн. Егер де балаларды көлікке отырғызу немесе түсіру көліктер көп жүретін бағытта болуы мүмкін деп болжанса, басқа да жол қозғалысы қатысушыларына кедергі келтірмес үшін қауіпсіз жерді таңдау қажет.

Көп жағдайларда «112» шұғыл нөміріне автокөлік салонында баланың қалып қойып, есігін аша алмай отырғандығы жөнінде хабарламамлар түсіп жатады. Жазатайым оқиғаларға жол бермеу мақсатында БҚО Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жөнеліп, көлік есігін ашып, медициналық және моральдық психологиялық көмек көрсетеді.

Аялдамада немесе тұрақта бала аз ғана уақытқа автокөлікте жалғыз қалса мүмкіндігінше істен шығу жүйесі құрылғысын айыра отырып, айдап кетуге қарсы жүйені қосу керек. Бала ойнап отырып барлық батырманы басып оталдыру кілтін бұрап жіберу арқылы кез келген жазатайым оқиғаларға ұшырауы мүмкін.

Қатты ыстық күндері ыстық өтуді болдырмау мақсатында автокөлік салонына тікелей күн көзінен қорғайтын перделер қолданып, терезе әйнектерін 1/3-тен асырмай төмендетіңіз.

Есте сақтаңыз! Сіздің балаңыздың өмірін сақтау өз қолыңызда!

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»