БАЛҒЫН ГИМНАСТШЫЛАРДЫҢ ЖЕҢІСІ

Батысқазақстандық балғын гимнастшылар Қостанай қаласында өткен ашық чемпионаттан жеңіспен оралды.
Балаларды қорғау күні мерекесіне орайластырылған чемпионат 3-6 маусым аралығында өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Қостанай және Орал қаласынан 70-тен астам өрендер қатысқан. Жарыс жас ерекшеліктеріне байланыс-ты бірнеше бағдарламаға сай ұйымдастырылды.
Нәтижесінде біздің облысымыздан барған №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері әр разряд бойынша жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, 3 разряд спортшы бағдарламасы бойынша Айару Нұғманова, 1 жасөспірімдер разряд бағдарламасы бойынша 2008-2009 жылғылар арасында Валерия Смирнова мен Сабина Сабырова, 1 жасөспірімдер разряд бағдарламасы бойынша 2010-2011 жылғылардан Самина Қалиева мен Дана Мәлікова және 2 жасөспірімдер разряд бағдарламасы бойынша Наиля Мусина жеңімпаздар қатарынан көрінді.
Өз тілшіміз
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу