8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қазан 2021 5709 0
Өзек

БАҚҰЛ БОЛЫҢЫЗ, АҒА!

Жайық жұрты қабырғалы қаламгерінен айырылып қалды. Бұл бізге өте ауыр соққы болды. Өйткені Темір Құсайын ағамыз қашан да аңқылдап, жарқылдап, кез келген ортаға жақсы көңіл күй сыйлап жүретін талантты журналист еді. Адамгершілігі бір төбе болатын. Біздің шағын «Жайық үні-Жизнь города» ұжымына да үнемі келіп, ағалық ақыл-кеңесін айтып тұрушы еді.

Темір Нағымұлы 1957 жылдың 19 маусымында Қазталов ауданы, Қараоба ауылында дүниеге келді. 1970 жылдардың басында мектеп бітірді. Арнайы білімі болмағанымен, аудандық газетке әдеби қызметкер болып жұмысқа орналасуы журналистика факультетіне баруына жол ашты. Сөйтіп, 1978 жылы журфактың студенті атанды.

1983 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген соң облыстық телерадио хабарлар тарату комитетінде, облыстық «Орал өңірі» газетінде жұмыс істеді. 1992 жылы «Егемен Қазақстан» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі болып тағайындалып, ұзақ жылдар бойы өңірдің басты жаңалықтарын, әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жерлестеріміз туралы мақалалар жазып, еліміздің басты үнпарағында жариялануына үлес қосты. Ал 2017 жылы басылымның Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілшісі қызметіне ротациялық тәсілмен ауыстырылды.

Темір Құсайын 1995 жылы Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанса, 1996 жылы республикалық «Жыл журналисі» атағын иеленді. 2020 жылы ҚР Парламенті Мәжілісі белгілеген «Парламент сөзі» арнайы сыйлығының жеңімпазы атанды.

Өткен жылы ғана зейнеттік жасқа шыққан Темір ағамыздың әріптестері үшін орны ерекше еді.

Жаны жайсаң, болмысы бөлек, парасатты, сабырлы, салиқалы, қашан да жастарға қамқор болып жүретін ақжүрек ағамыздың иманы жолдас болып, жаны жәннаттың төрінде шалқысын.

Бақұл болыңыз, аға!

Ұлы Қуаныш Темірұлына, туған-туыстары мен шәкірттеріне қайғырып көңіл айтамыз

«Жайық үні» ЖШС газеті редакциясы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
20 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
135 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
192 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
256 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
288 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
332 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»