8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қазан 2019 2468 0
Өзек

БАҚҰЛ БОЛ, КӘКЕН АҒА

Таяуда Ақ Жайық өңірінің қалың жұртшылығы  БҚО-дағы ядролық сынаққа қарсы қозғалыстың  жетекшісі  болған аяулы азамат, танымал тұлға, абыз ағамыз, еңбек ардагері   Кәкен Көбейсіновтен айырылып қалды.  

Кәкен Көбейсінов 1931 жылы  7 қыркүйекте  Бөкей ордасы ауданы, Мешітқұм ауылында дүниеге келген.

Кәкен Көбейсінов –  КСРО-на еңбек сіңірген халықтық бақылау қызметкері. Алматы мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын және оның аспирантурасын бітірген. 1961-63 жылдары Орда ауылшаруашылығын механикаландыру училищесінде оқытушы болды.  Орда, Жәнібек, Фурманов аудандарының шаруашылық-кеңес қызметі саласында жұмыс істеді. 1961-91 жылдары облыстық халықтық бақылау комитеттері төрағасының орынбасары болды. Батыс Қазақстандағы ядролық-ракеталық сынаққа қарсы «Нарын» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі жұмысын абыроймен атқара білді.  Халықаралық «Невада-Семей» қозғалысын үйлестіру кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты.

Жасынан халық қасіретін жүрегіне түйіп өскен, облыстық мәслихаттың депутаты ретінде өңірдің қоғамдық-саяси мәселелеріне белсене араласқан Бөкей ордасы, Жәнібек, Жаңақала аудандарының құрметті азаматы Кәкен Көбейсіновтің қайраткерлік қасиетін  өңір жұртшылығы жоғары бағалайды. 1990 жылдардан бастап «Нарын» қозғалысының жетекшісі ретінде әскери сынақ полигондарының зардабын облысқа ғана емес, Елбасына дейін жеткізе білді. Соның нәтижесінде көптеген шаралар қолға алынды. Әскери сынақтардан зардап шеккен аудандарда тексерулер жүргізіліп, сол аймақта тұратын мүгедектер әлеуметтік көмекке қол жеткізді. Жаңақалада ауданаралық оңалту орталығы салынды.

Кәкен Көбейсінов 2010 жылы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің  «Экология саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, 1 және 3 Азаматтық форумының делегаты, 2005 жылы «Қазақстанның әлеуметтік жаңашылы» дипломымен және ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бірнеше алғыс хаттарымен марапатталған.

   Қасиетті Бөкей орда ауданының мақтанышына айналған Кәкен Көбейсінов ағамыздың жарқын бейнесі барша Алаш жұртының және бөкейлік жерлестердің жүрегінде ұзақ сақталады. Туған елден түлеп ұшып, адамдық қасиетімен өмір жолында ұрпақтан-ұрпаққа үлгі-өнеге бола білген абыз ағамыздың жатқан жері жарық, топырағы мамық, ұйқысы тыныш, жаны жұмақта болсын.                 Кәкен ағаның қайтпас сапарға аттануына байланысты Көбейсіновтер отбасына, балалары мен ағайын-тумаларына қайғырып көңіл айтамыз.

                           Бөкейордалық  бір топ жерлестері мен қалалық «Жайық үні»  газетінің редакция ұжымы.   

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
359 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
760 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
943 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»