8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Мамыр 2020 1145 0
Қоғам

БӨРЛІДЕ «РАМАЗАН СЫЙЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ АЯСЫНДА 100 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Қасиетті Рамазан айында  Бөрлі аудандық мұсылмандар мешіті және «Берекелі жамағат» еріктілер тобының мұрындық болуымен «Рамазан сыйы» қайырымдылық керуені өз жалғасын тапты.


Бұл жолы қайырымдылық керуені аясында Успен, Жаңаталап, Александровка, Ақсу, Ақбұлақ, Пугачев ауылдарындағы аз қамтылған 50 отбасыға қайырымдылық сөмкелері таратылды.

Елдегі карантин кезінде үйлерінде отырған бөрлілік көпбалалы отбасылар мен мұқтаж жандарға жеткізілген қоржында: құрма, күнбағыс майы, пакеттегі сүт, картоп сынды күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлері қамтылды.

Әрбір жасалған жақсылықтың сауабы 70-тен 700-ге дейін еселенетін Құран айында көмек алған отбасылар «Рамазан сыйын» ұйымдастырған дін өкілдері мен еріктілерге алғысын жаудырып, ризалық білдіруде.
Естеріңізге сала кетейік, қайырымдылық керуені аясында қасиетті ай басында Бөрлі ауданының шалғай жатқан Қанай, Бөрлі, Бумакөл, Приуралье, Жарсуат ауылдарындағы 50 отбасына азық-түлік салынған сөмкелер таратылған болатын.
Осымен «Рамазан сыйы» керуенін екінші рет ұйымдастырып отырған Бөрлі аудандық мешіті мен «Берекелі жамағат» еріктілер тобы қайырымдылық қоржынын тұрақты таратуды көздеп отыр. Жесірін жылатпаған, жетімін қаңғыртпаған бауырмал қазақ, қасиетті айда «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, мұқтаждарға ауыз аштырып, қуаныш сыйлағаны абзал.

Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»