8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қазан 2025 1125 0
Бәрекелді!

БҚО Қытаймен әріптестікті күшейтті: жалпы құны 134 млрд теңге болатын 14 меморандумға қол қойды

Батыс Қазақстан облысы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы іскерлік байланыс жаңа деңгейге көтерілді. Ақжайық өңірінен барған делегация үш күндік іссапар барысында жалпы құны 134 миллиард теңгені құрайтын 14 ірі инвестициялық жобаны қамтитын меморандумдарға қол қойды. Бұл келісімдер – екіжақты серіктестіктің нақты нәтижесі ғана емес, ел Президентінің Жолдауында жүктелген тапсырмалардың тікелей орындалуы.

Сапар барысында делегация мүшелері Қытайдың Бейжің және Нанкин қалаларында болып, әлемдік деңгейдегі алпауыт компаниялармен келіссөздер жүргізді. Қол қойылған меморандумдар аясында өндіріс, сауда, жасыл энергетика, медицина, білім және логистика салаларында бірлескен жобалар жүзеге асады. Атап айтқанда, алғашқы екі зауыттың қондырғылары Қазақстанға жөнелтіліп, құрылыс жұмыстары алдағы күндері басталады.

*Инвестициялық серпіліс: нақты жобалар басталады*

БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, 14 жоба түгелдей облыстың индустриялық аймағында жүзеге асады. Бұл өңдеу өнеркәсібін дамытуға тың серпін береді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әсіресе өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартуға баса назар аударып келеміз. Қытайлық әріптестермен осы жобалардың іске асуын жеделдету бағытында нақты мәселелерді талқыладық», – деді өңір басшысы.

Сондай-ақ, сапар барысында Орал қаласында жаңа жылу электр станциясын салу мәселесі бойынша келісім жасалды. Жобаны Қытай тарапы толықтай өз қаражатына жүзеге асыруға ниетті. Қазіргі уақытта зерделеу жұмыстары жүргізілмек.

*Білім мен кадр – басымдықта*

Инвестициялық жобалармен қатар, жұмыс күші мен кадр даярлау мәселесі де басты назарда. Қытайлық инвесторлар өндіріс орындары үшін заманауи технологияны меңгерген жергілікті мамандардың қажет екенін алға тартты. Осыған орай тараптар бірлескен қазақ-қытай білім беру бағдарламасын іске асыруға уағдаласты.

«Бүгінде жаңа технологиялармен жабдықталған өндірістер үшін білікті кадр қажет. Осы мақсатта жергілікті жастарды оқытып, қажетті қаражатты қытайлық компаниялар өз мойнына алуға дайын», – деді Нариман Төреғалиев.

*Жаңа логистикалық хаб және сауда өкілдігі*

Келіссөздер кезінде облыс аумағында құны 17 миллиард теңгеге бағаланатын логистикалық хаб салу ұсынысы қаралды. Жоба транзиттік жүк тасымалын қамтамасыз етуге және көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар, Бейжің қаласында Батыс Қазақстан облысының «Ақжайық» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының екінші инвестициялық және сауда өкілдігі ашылды. Бұл өкілдік аймақ пен Қытай арасындағы бизнес-байланыстарды нығайтып, тікелей серіктестікке жол ашады.

*Ірі серіктестер қатарында – Beijing Jinyi Yuanfang холдингі*

Бейжіңдегі келіссөздер барысында құрамында 22 холдингтік және 7 еншілес компаниясы бар, жылдық табысы 4,5 миллиард юаньнан асатын Beijing Jinyi Yuanfang холдингімен де стратегиялық әріптестік орнатылды. Холдинг облысқа бірқатар сала бойынша – өндірістен бастап, медицина мен білімге дейін – инвестиция құюға дайын екенін мәлімдеді.

Батыс Қазақстан облысының Қытаймен орнатқан жаңа келісімдері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қоспақ. Бұл – тек құжат жүзіндегі жоспарлар емес, нақты инвестиция тартуға, жұмыс орындарын ашуға, заманауи өндіріс орындарын іске қосуға бағытталған үлкен қадам. Енді жобалардың тиімді әрі уақтылы орындалуы – басты міндет.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
352 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
440 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
495 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
508 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
556 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
775 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
808 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
759 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
711 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
754 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
936 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»